jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қанат Ислам: Қаңқу сөзге қарайтын уақыт жоқ

23 қыркүйек 2016, 13:23
1010

kanat

29 қазанда Алматыда «Алматы Арена» спорт кешенінде Қанат Ислам мен Патрик Аллотей жұдырықтасады. Жартылай орта салмақта IBO (Intercontinental), WBO (International) тұжырымының чемпиондық белбеуі сарапқа салынады. Осыған орай  «Сұңқар» халықаралық трамплин кешенінің баспасөз залында көнфереция өтті.  Кәсіпқой боксшы Қанат Исламға бірер сауал қойдық.

img_9882

Жас қазақ: Жаңа баспасөз мәслихатында Бауыржан Оспанов Сізді WBA рейтингінде 4-ші орында деп айтты. Кеше ғана отандық бір радио «Қанат Ислам рейтингте құлдырап барады. Позициясын жоғалта бастады.  5-ші орынға сырғыды» — деп ақпар таратып жатты.

Қанат Ислам: Осы күнге дейін рейтингіме қарамаппын. Маған ең бастысы жеңілмеу керек. Сонда ғана кәсіпқой бокста өз орныңды табасың. Бүгінде спорттан еш хабары жоқ кейбіреулерсолай ақпарат тарататын болды. Тіпті бәрі қазір сыншы, төреші. Сырттай отырып ақтағысы келсе ақтайды, қаралағысы қаралайды. Ондай қаңқу сөзге құлақ аспай, дайындық жұмыстарын жүргізу керек.

14462754_1058742397576520_7783391965559454773_n

Жас қазақ: 29 қазан күні Алматыда өтетін қарсыласыңыз белгілі. Жұртқа бірінші болып jasqazaq.kz сайты жариялады.Кәсіпқой бокста «Улы жебе» лақап атымен танылған боксшыганалық Патрик Аллотей. Қазір қарсыласыңызды жан жақты зерттеп жатқан боларсыз. Осал тұсын таптыңыз ба?

img_9887

Қанат Ислам: Соңғы колумбиялық қарсыласымның осал тұсы аяғында екен.Сол себептен арақашықтық ұстадым. Ал Патрик өте мықты. Аяғымен де қимылдайды. Жақын аралықта да төтеп беруге дайын. Оған техникалық тұрғыда дайындықпен шығу керек. Кей тұстары алдап соққы жасау керек. Тіпті қорқытып, қысып қамалын алуға тура келеді. Әзірге жоспарым осындай. Африкалықтар шаршау дегенді білмейді. Егер бәрі сәтті өтсе, жыл соңына дейін тағы бір кездесу өткізу жоспарда бар.

Елдос Өмірзақұлы

13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар
08 тамыз, 14:29
Қазақ әйелі: "Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді"
07 тамыз, 15:59
Шехведрамде, Грузия!