jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Әлем чемпионатында тұңғыш рет қарсыласын тізе бүктірді ( видео)

16 қыркүйек 2016, 11:14
249

Футзалдан Қазақстан құрамасы Колумбияда өтіп жатқан әлем чемпионатында тұңғыш қарсыласын тізе бүктірді, –  деп хабарлайды Vesti.kz. Какаудың шәкірттері екінші кезеңде Коста-Рика құрамасын 3:1 есебімен жеңді.

Қазақстан құрамасы Дугластың соққан голымен 58-ші секундта-ақ алға шықты. 15-ші минутта костарикалық Алехандро Паньяга есепті теңестірсе, бір минут өткенде Павел Таку Қазақстанды тағы да алға шығарды.  Екінші таймның басында Лео айып добын орындап, Коста-Рико құрамасының қақпасына гол соқты.

Осы жеңісінің арқасында Қазақстан құрамасы үш ұпай жинап, Е тобында екінші орынға көтерілді. Аргентиналықтар мен костарикалықтарда да осынша ұпай бар, алайда Аргентина Соломон аралдары құрамасына қарсы ойын өткізуі тиіс.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы турнирдің бірінші ойынындаАргентинадан 0:1 есебімен жеңіліп қалған болатын. Қазақстан құрамасы топтық кезеңіндегі соңғы матчын 19 қыркүйекте Астана уақытымен 03.00-де Соломон аралдары командасымен өткізеді.

kaz.tengrinews.kz

13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар
08 тамыз, 14:29
Қазақ әйелі: "Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді"
07 тамыз, 15:59
Шехведрамде, Грузия!