jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Бес оқушыға екі ұстаз

09 қыркүйек 2016, 11:28
451

222

     Еліміздегі ең шағын мектеп Солтүстік Қазақстан облысындағы Бірлік ауылында ашылды. Мұнда небәрі бес оқушы бар. Бала санының аздығынан үш жыл бойы жабық тұрған білім ордасы биылдан бастап қайта жұмыс істеп жатыр.

Бұған осы өңірге Қытайдан қоныс аударған қандастарымыз себеп болған. Бірлік орта мектебі бала санының аздығына байланысты 3 жыл бұрын жабылған еді. Енді теріскейге Қытай мен Талдықорғаннан көшкен он отбасындағы бес бала оның қайта ашылуына сеп болып отыр. Қоныс аударғандардың кейбіріне білім ошағынан жұмыс та табылыпты. ktk.kz сайтының хабарлауынша, Бірлік мектебіндегі бес балаға сабақ беретін екі мұғалімнің бірі осы мектептің түлегі. Ең шағын мектеп ғимаратын жөндеуге 3,5 млн теңге жұмсалған екен. Оның сыртында 1,5 млн теңгенің қазандығы бар. Ал екі мұғалім мен бес балаға от жағушы, еден жуушы, күзетші мен мейірбикені қосқанда 8 адам қызмет көрсетпек.

29 қараша, 11:56
Білімде сұрақ көп, жауап жоқ
22 қараша, 15:01
Сирия соқпақтары немесе бір фильм-қилы тағдырлар
22 қараша, 11:27
Ілия Жақанов: Менің әнім сендерсіз де айтылып жүр!
19 қараша, 15:12
Айтматов әлемі
18 қараша, 11:52
Әпкемді алдап кетіпті...
15 қараша, 18:07
Автобустың әлегі
15 қараша, 18:01
Ұн қымбат, ет тапшы
12 қараша, 12:27
Мақау кісінің мұңы