jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қанат Исламның қарсыласы анықталды

05 қыркүйек 2016, 9:57
1482

14218511_1044061825711244_1417999775_n

Қанат Исламның қарсыласы белгілі болды. Бұл туралы «Жас қазақ хабарлайды.

Орта жеңіл салмақ бойынша Кариб аймағының үздігі, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы отандасымыз кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 29 қазанда Алматы қаласында өзінің 22- кездесуін өткізеді.

Қарсыласы Ганалық Патрик Аллотей(Patrick Allotey). Кәсіпқой бокста «Улы жебе» лақап атымен танылған боксшы осы уақытқа дейін 36 кездесу өткізген. 2 рет жеңіліп, 34 жекпе-жегінде жеңіске жеткен. 24 кездесуінде қарсыласын нокаутпен ұтқан.

14218000_1044062292377864_197318387_n

Соққысы жойқын, тәжірибелі Патрик Аллотеймен Қанат Ислам WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады. Бұл кездесу осы жылдың айтулы оқиғасы болмақ. Жекпе-жек Алматы қаласында «Almaty arena» спорт кешенінде өтеді. Бас демеуші «ZHERSU» корпорациясы. 

Отандасымыз кәсіпқой боксшы Қанат Ислам осы уақытқа дейін 21 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның 18-ін нокаутпен ұтқан. Лақап аты «Қазақ». Бокс кешінде басқа да қазақстандық кәсіпқой боксшылар жұдырықтасады деп жоспарлануда. Бокс кешінің билеттері жақында сатылымға шығады.

12 шiлде, 12:49
Жолдағы жүгенсіздік
05 шiлде, 12:16
Алтынбек Қоразбаев: Жақсы әнге жанашыр көп
05 шiлде, 12:12
Әйелді жанды қуыршаққа айналдырады (EXCLUSIVE)
28 маусым, 10:21
КРІ: Мүмкіндігі мол мұнайхимиясы
21 маусым, 13:50
Тау иесін құтқару
18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!