jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Құндылыққа қол сұқпауы тиіс

03 қыркүйек 2016, 19:15
516

Снимок

Жас қазақ: Бақытбек Смағұлұлы жаңа ғана Елбасы біраз мәселені айтты.

Бақытбек Смағұл: Иә, әсіресе ұлттық қауіпсіздікке байланысты айтқан пікірі қатты ұнады. Себебі соңғы кездері еліміз терроризммен бірнеше рет бетпе-бет келді. Ал бұл мәселені дер кезінде шешпесек, ертең ұлтымыздың болашағы бұлыңғыр болайын деп тұр. Еліміздің халықаралық дәрежедегі демократиялық құқығын пайдалана отырып, барша құндылықтарды қабылдады. Діни сенім мәселесінде Ата заңымызда әрбір адамға тең құқық берілген. Бұл, әрине, мақтан тұтарлық
жағдай.
Алайда біздің мемлекеттің белгілеген асыл діні мен мәзһабын мансұқтап, жат ағымды насихаттап жүрген адамдар пайда бола бастады. Тап осы жат ағымның әсері біздің тұрмысымызға, болмысымызға, дамуымызға кедергісін келтіріп жатыр. Қандай жағдай болмасын мемлекет мүддесі үшін жат ағымның
таралуына тыйым салуымыз керек. Дін биліктен б лек десек те, екі ортадағы келеңсіздіктерді реттеп, оны жөнге салып отыруға үкімет міндетті.
Ақтөбе мен Алматыда болған қанды қырғынның артында салафилік ағымды ұстанушылардың тұрғанын ешкімнен жасырмауымыз керек. Біз өзіміздің ішкі құндылықтарымызға ешкімнің қол сұғып, араласуына мүмкіндік бермеуіміз қажет.

Сұхбаттасқан Серік Құдайбергенұлы

13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар
08 тамыз, 14:29
Қазақ әйелі: "Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді"
07 тамыз, 15:59
Шехведрамде, Грузия!