jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Рейтинг руханиятымыздан айырады!

25 тамыз 2016, 16:31
354

1951

Телеарналардың шетелдік рейтингтік компаниялар жасайтын жалған ақпарат жетегінде жүргендеріне таңым бар. Байқасаңыздар, жатжұрттық компаниялар мақсатты түрде адамды азғындық, жеңілжүріс, таяз ойға тәрбиелейтін тележобалардың рейтингісін жоғары етіп көрсетеді. Керісінше, қазақтың қазақ болуына септігін тигізетін рухани-мәдени бағдарламалардың рейтингісі өте төмен. Тіпті, жоқтын-қасы. Олай болуы мүмкін емес. Қазір арзан музыка, ойсыз шоулардан көрермен шаршаған. Бір сәт поэзиядан сусындап, халық әндерін тыңдағысы келеді. Кей арналардан поэзия туралы жобалардың шықпай жатып, жойылып кетуі сөзімізге дәлел. Ол бір!

Екіншіден, сол рейтингті қалыптастыруға қатысатын адамдар туралы телеарналар ақпарат алды ма екен? Жобаға қатысушылардың 95 пайызы қазақ тілін түсінбейтін адамдар не «асфальтта өскен қазақ» болуы, тіпті, мүлдем қазақ болмауы бек мүмкін.
Үшіншіден, рейтинг жасауға қатысатын ауыл тұрғындарының үлесі мен құрамы қандай?
Төртіншіден, неге телеарналар шетелдік компания дерегіне сүйенеді? Неге қазақстандық компания жасамайды ол рейтингті?
Ол аз дегендей, рейтинг туралы ақпарат бергені үшін БАҚ қыруар қаражат жұмсайды. Ал шын мәнінде, ол компаниялар телеарналар берген қаражатқа мұқтаж емес. Себебі, олар мақсатты түрде ұлтты, мемлекетті аздырып-тоздыруға қызмет етеді. Бұл – ғаламдық деңгейде жасалған жоба. Ал ондай жобалардың артында кімдер тұрғаны, айтпаса да түсінікті.
P.S. Электронды БАҚ рейтингке не үшін сүйенеді? Себебі, жарнама берушілер жарнаманы қай арнаға, қай бағдарламаға беру керектігін сол рейтинг деңгейіне қарап таңдайды. Әңгіменің ашығын айтсақ, мемлекеттік телеарналар мақсаты мен міндеті белгісіз рейтингтік компаниялардың ақпаратына мүлдем сүйенбеулері тиіс. Өйткені, мемлекеттік арналар онсыз да мемлекеттен қаржыландырылады. Екіншіден, мемл.телеарналар бәсекеден тыс. Жарнамаберуші ол рейтинг ақпаратынсыз-ақ мемл.телеарна эфиріне зәру.

Азамат Кеңесұлының фейсбук парақшасынан

bnews.kz

12 шiлде, 12:49
Жолдағы жүгенсіздік
05 шiлде, 12:16
Алтынбек Қоразбаев: Жақсы әнге жанашыр көп
05 шiлде, 12:12
Әйелді жанды қуыршаққа айналдырады (EXCLUSIVE)
28 маусым, 10:21
КРІ: Мүмкіндігі мол мұнайхимиясы
21 маусым, 13:50
Тау иесін құтқару
18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!