jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ақтөбелік жігіт Донбасста соғысып, сотқа тартылды

24 тамыз 2016, 10:37
316

 

17

 

Украина-Ресей қақтығысына араласқан отандасымызға қатысты №2 Ақтөбе қалалық сотында сот отырысы басталды. Ермолов есімді азамат «шетелдегі қарулы қақтығысқа» қатысқаны үшін жауапқа тартылып отыр.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2014 жылдың қыркүйегінен өткен жылдың мамыр айына дейін Ермолов Украинаның Донбасста жедел әрекет ету тобының құрамында Украина қарулы күштеріне қарсы соғысқан. Оған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тарапынан тиісті уәкілет берілмегені де белгілі.
Қару асынған қазақстандық өзін өзі таныған Донецк Халықтық Республикасының елді мекендерін қорғау мақсатында әскери шараларға жұмылдырылған. «Оптима» қонақүйі ғимаратын қорғап, өзге де тапсырмаларды орындап келіпті.
Былтыр уақыт тауып, елдегі тұрмыстық шаруаларын шешіп кетуге оралса керек. Алайда  ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің жігіттері жедел-іздестіру шаралары аясында Ермоловты қолға түсірді. Бұл жайтқа қатысты сот талқылауы жүріп жатыр.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

03 желтоқсан, 13:02
Жеткіншектер жеңіспен оралды
03 желтоқсан, 12:56
Даланың баласы, Таудың жиені болып өстім
03 желтоқсан, 12:49
Құсбегілік – табыс көзі емес, ұлттық өнер!
03 желтоқсан, 12:38
Ғаламаттың ғажап күйі
19 қараша, 11:32
Таскөмірдің жыры
19 қараша, 11:29
Көмір. Алыпсатардың араны ашылған кез
12 қараша, 14:19
Вирус не жұғады, не жұқпайды
12 қараша, 14:14
Саны көп субсидияны қысқартпай, іс оңға баспайды