jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Өзбекстан боксшылары үш алтын алып, Қазақстаннан озып кетті

22 тамыз 2016, 1:07
700

Снимок

Бокстан Өзбекстан құрамасы Риодағы Олимпиада ойындарында 3 алтын алып, жалпы есепте бірінші орынға шықты.
Көрші елдің құрамасы Рио Олимпиадасында 3 салмақта топ жарды. 48 келіде Хасанбай Дусматов чемпион атанса, 52 келіде Шахободдин Зойыров, 64 келіде Фазлиддин Гаибназаров чемпион атанды.

Бұдан бөлек, Өзбекстан құрамасының қоржынында бокстан 2 күміс және 2 қола бар.

Ал Қазақстан боксшылары 3 салмақта финалға шықты. 69 келіде Данияр Елеусінов чемпион атанса, 81 және 91 келідегі Әділбек Ниязымбетов пен Василий Левит күміс жүлде иеленді. Аса ауыр салмақтағы Иван Дычко мен әйелдер боксынан Дариға Шәкімова қола жүлдегерлер қатарында.

Жалпы есепте, Қазақстан боксшылары үздік үштікке де енбей қалды. Аса ауыр салмақта алтын алған Франция Қазақстан боксшыларын үшінші орыннан сырғытты.

Біздің боксшылар 1996 жылдан бері жазғы Олимпиада ойындарынан алтынсыз келген емес. Алайда бір Олимпиадада үш бірдей боксшымыз алтын алған емес. Тек 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында ғана 4 қазақ боксшысы финалға шығып, екеуі алтын медаль иеленген.

NUR.KZ

29 қараша, 11:56
Білімде сұрақ көп, жауап жоқ
22 қараша, 15:01
Сирия соқпақтары немесе бір фильм-қилы тағдырлар
22 қараша, 11:27
Ілия Жақанов: Менің әнім сендерсіз де айтылып жүр!
19 қараша, 15:12
Айтматов әлемі
18 қараша, 11:52
Әпкемді алдап кетіпті...
15 қараша, 18:07
Автобустың әлегі
15 қараша, 18:01
Ұн қымбат, ет тапшы
12 қараша, 12:27
Мақау кісінің мұңы