jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Мырзағали Айтжанов: Біржан бүгін бар күшін салады

10 тамыз 2016, 14:54
577

0hQ7UmLI9b8

Боксшыларымыз бабында. Ұлттық құраманың бас бапкері Берік Айтжановтан сұхбат алғанымызда спортшыларымыздың дайындығы туралы сұраққа осылай жауап берді. Сондай-ақ ол боксшыларымыздың алдағы кездесулерге дайындығы мен қарсыластары туралы айтып берді.

  – Мырзағали аға, боксшыларымыз үшін бірінші айналым өте сәтті болды. Сіз олардың аяқалысына қандай баға бересіз?

–  Әрине, кешегі күн сәтті өткеніне тек қана жанкүйер емес, бізде қуандық. Бірінші кездесуде берік жеңілгеннен кейін, команда боксшыларын жинап алып жігерлендірдік. Олар берілген тапсырманы орындап шықты. Біржан Жақыповтың қарсыласы оңай болған жоқ. Кенияның, Африка құрлығының мықты боксшыларының бірі. Біз бокстың айла-тәсіліне үйреніп қалғанбыз. Ол жерде таза төбелес, алдыға жүгіреді. Егер біз әдемі бокс көрсетуді ойластырғанымызда жеңіліп қалуымыз да мүмкін еді. Біржан дұрыс тактиканың арқасында ұтты. Біз оның әзірбайжандық боксшыны қалай жеңгенін көргенбіз. Қуалап жүріп, жеңіп қойды. Ал енді Жәнібек өте мықты боксшылардың бірі – ағылшындық боксшымен спаринг өткізген. Қыр-сырын білеміз. Соған байланысты 3-4 күн бұрын арнайы дайындалды. Жәнібек жарады, айтқанның бәрін істеді. Шабуылды екінші раундта бастады. Себебі күтуге болмайтынын айттық. Көбінесе арақашықтығын  ұстап, өзіміздің қазақи мәнердегі бокс көрсет дедік. Айтқанның бәрін жақсы орындап шықты. Ал енді Василий Левиттің қарсыласына келетін болсақ, ол жас боксшы. В.Левиттің атағын да, ойын тәсілін де біледі. Ол рингке шықпай тұрып-ақ, ұтылатын біліп шыққандай. Сондықтан, бұл кездесу Левитке жаттығу ретінде болды.

  – Біржан Жақыповтың келесі ширек финалдық жекпе-жегі қиын болайын деп тұр. Қарсыласы өзбек боксшысы қандай баға берер едіңіз?

– Жас боксшы. Тәжірибесі мол. Әлем чемпионаты мен Азия ойындарына қатысқан. Біржан екеуі бір-бірін өте жақсы біледі. Есеп – 1:1. Бұл олардың үшінші рет кездесуі. Егер жеңсе, жартылай финалға шығады. Сол себептен Біржан бар күшін салады.

  – Басқа жігіттердің көңіл-күйі қалай?

– Жігіттер жаттығып, дайындалып жатыр. Бәрі қарсыластарын біледі. 10 тамызда екі боксшы рингке шықса, 11 тамызда 4 бірдей боксшымыз қолғап түйістіреді. Барлығы қазір қызу дайындық үстінде. Арасында келіп, жарысты көріп жатыр.

  – Ең жас боксшы Абылайхан Жүсіпов. Ол боксшыда ешқандай қобалжу жоқ па?

–  Жас болғандықтан, қобалжу болады. Бірақ ол жігіт жастар және жасөспірімдер арасындағы барлық жарыстан өткендіктен, тәжірибелі боксшының бірі деп айтуға болады. Осы үлкен ағаларының қасында тәлім-тәрбие алып жүр. Оның үстіне қарсыластары да өте мықты. Бірақ ол одан қаймықпау керек. Рингке шығып бар өнерін салады. Енді бәрін ринг көрсетеді.

Сұхбаттасқан Әлихан Нұрахметұлы

Риодан арнайы «Жас қазақ» үшін

Бүгін, 20:35
Оқушы киімі қанша тұрады?
16 тамыз, 13:26
"Бой түзейтіндер мен ой түзейтіндер бұққан заман"
13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар