jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Марат Файзиев: Ұлымның жолдама алуы – күтпеген жаңалық

09 тамыз 2016, 1:15
501

 57a8acce0a3d7

Дидар Хамза Рио Олимпиадасына ең соңғы болып жолдама алды. Жасы 19- да. Дүбірлі додаға 10 күн қалғанда жарысқа қатысатыны белгілі болған. Алғашқы қарсыласы Гамбиялық балуанды екі юкомен жеңген спортшымыз, екінші айналымда әзірбайжандық Рустам Оружовтан ұтылып қалды. Жарыстан кейін әкесі әрі жеке бапкері Марат Файзиевпен сұхбаттасқан едік.

— Марат аға, Дидар гамбиялық қарсыласын тезірек, яғни уақытынан бұрын жеңуіне мүмкіндігі бар еді. Өзі біраз күш жұмсап алған секілді емес пе?

— Олимпиадаға жолдама алу да және одан әрменгісі де үлкен жауапкершілік. Ал, қатысуға келген кез-келген балуан жоғары дайындықпен келетіні белгілі. Қарсыластың осалы болмайды. Алғашқы белдесу кімге де болсын, оңай соқпайды. Сондықтан осындай нәтиже көрсетті.

Снимок

— Одан кейін, яғни бірнеше белдесулерден кейін қайтадан екінші кезеңге әзірбайжандық Рустам Оружовпен шықты. Осы белдесу қалай өтті?

— 2016 жылдың ақпан айында Германияда күрескен болатын. Сол кездегі ойында, үшінші белдесуінде таза жеңіске ұтылып қалған болатын. Ойынның 20-шы секундтында-ақ жеңіліп қалған. Ал, қазір сол балуанмен қайтадан кездесті. Бұл жолғы ойынында тек бір ғана ескертумен жеңіліп отыр. Ұлым, бар күшін салып бақты. Төрт белдесуден кейін шыққаннан болу керек, күшін жоғалтып алды.

— Дидардың осы Олимпиадаға қатысатындығы 10 күн қалғанда ғана белгілі болды. Канадалық спортшы допинг қолданып, Дидардың Олимпиадаға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Жалпы, дайындығы қалай болды?

3

— Дидар жыл басынан бері оқу-жаттығу жиындарына, түрлі жарыстарға қатысқан болатын. Ал, қанша дегенмен, Олимпиадаға жолдама алып, дайындалу ол бір басқа. Ұлымның жолдама алғаны – күтпеген жаңалық болды.

— Рио Олимпиадасына шақырту алған кезде қандай сезімде болдыңыздар?

-Бұл шыны керек, Алланың тосын сыйы болды деуге болады. Себебі біз соңғы оқу-жаттығуларды аяқтап, қатысушыларға ақ жол тілей қоштасқан болатынбыз. Ауылға қайтып, демалысқа шықтық. Демалыс біткен соң, қайта келіп, жаттығуларды жалғастырамыз деп тарқастық. Біздің, солай, ауылға келген бетіміз сол еді, Федерациядан Дидардың Олимпиадаға қатысатыны туралы хабар келді. Әрине, бәріміз бірден қуана кеттік, тіпті бастапқы уақытта сенбедік те. 22 қатысушы жолдама алған. Онымен қоса 13 адам квота алып қойған. Дидардың қатысуы мүмкін емес деп отырмын. Канадалық балуан допинг қолданғанын білгеннен кейін және 23-ші кезекті Дидардың тұрғандығы бар, қысқасы, біз сонда барып сендік. Ал, ол кездегі қуанышты сөзбен айтып жеткізе алмаймын.

2

— Енді, бұйыртса 4 жылдан кейін, Токио Олимпиадасынан үлкен үміт күтуге болады ғой?

— Алла бұйыртса солай деп отырмыз. Әрі, 23 жасқа келеді екен. Ол нағыз шыңдала түскен уақыты болар еді. Алдағы уақытта бұйыртса әлі талай бәйгелерде топ жарып, еліміздің туын көкке желбіретеді деп ойлаймын. 

Ермек Нұрмаханұлы

Риодан Арнайы «Жас қазақ» үшін

19 шiлде, 12:02
Ажал шақыратын арал
18 шiлде, 11:40
Қажытайдың атбегілігі қандай еді?
12 шiлде, 12:49
Жолдағы жүгенсіздік
05 шiлде, 12:16
Алтынбек Қоразбаев: Жақсы әнге жанашыр көп
05 шiлде, 12:12
Әйелді жанды қуыршаққа айналдырады (EXCLUSIVE)
28 маусым, 10:21
КРІ: Мүмкіндігі мол мұнайхимиясы
21 маусым, 13:50
Тау иесін құтқару
18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!