jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Әділетке әділетсіздік жасалды

05 тамыз 2016, 17:37
426

83df34cad30ee7978d188ab0414

Соңғы кезде баспасөз беттерінде Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуковтың еркін күрес шебері Әділет Дауланбаевтың Олимпиада ойындарынан шет қалғаны туралы жанайқайын жиі оқитын болдық. Осы орайда даңқты балуанымызға қоңырау шалып, мән-жайды білген едік.

– Сіз бір басылымыға берген сұхбатыңызда «Рио Олимпиадасына баратын Жамбыл облысының балуаны Әділет Дауланбаевқа қиянат жасалды», – деп айтыпсыз.
– Ия. Әділет өте мықты балуан. Ол биыл Олимпиадаға барамын деп қатты үміттенді. Жаттығу залына жиі барып дайындалып жүрді. Шілденің үші күні Германияның Дортмунд қаласында өткен жарыста оның орнына Олимпиадаға кеткен Аслан Кахидзе екеуі белдесті. Сол кезде Әділет Кахидзені 6-2 есебімен жеңді. Бұл олардың биылдыққа бірінші рет белдесуі. Бұған дейін де Кахидзе талай жеңілген. Әділетке әділетсіздік жасалды. Тіпті қастандық жасалды десем де артық айтқаным емес. Ал Асланды дүбірлі додаға апарайық деп ұсыныс тастаған аға жаттықтырушы Сергей Белоглазов.
– Рио Олимпиадасында қай спортшы еркін күрестен жүлделі орынға таласа алады?
– Нақты дөп басып айта алмаймын. Бірақ жүлделі орынға таласа алатын балуандар бар. Өте жақсы дайындықпен кетті. Балуандарымыз қоржынымзға міндетті түрде еркін күрестен медаль салады деп ойлаймын.

Сұхбаттасқан Мадияр Арыстанбаев

19 шiлде, 12:02
Ажал шақыратын арал
18 шiлде, 11:40
Қажытайдың атбегілігі қандай еді?
12 шiлде, 12:49
Жолдағы жүгенсіздік
05 шiлде, 12:16
Алтынбек Қоразбаев: Жақсы әнге жанашыр көп
05 шiлде, 12:12
Әйелді жанды қуыршаққа айналдырады (EXCLUSIVE)
28 маусым, 10:21
КРІ: Мүмкіндігі мол мұнайхимиясы
21 маусым, 13:50
Тау иесін құтқару
18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!