jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Альварес чемпиондық белбеуін Головкинге төбелессіз берді

19 мамыр 2016, 10:24
431

photo_26087

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин кезекті титулға ие болды.
WBA (Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы), IBO (Халықаралық бокс ұйымы) және IBF (Халықаралық бокс федерациясы) тұжырымдары бойынша титулдардың иегері жерлесіміз Геннадий Головкин енді мексикалықтың жекпе-жекке шықпайтыны туралы хабарламадан соң, WBC (Бүкіләлемдік бокс кеңесі) белдігін де қанжығасына байлады.

Негізінен, бұл белдікке таласу үшін, мексикалық Сауль (Канело) Альварес пен Геннадий Головкин қолғап түйістіруі керек болған.

«Дүниежүзілік бокс кеңесі «Golden Boy Promotions»-тен Сауль Канело Альварестің орта салмақтағы WBC белдігінен бас тартуы жайлы ресми хабар алды. Геннадий Головкин WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанды. WBC Канелоға карьерада сәттілік тілейді, болашақта Головкин-Альварес жекпе-жегін көруге үміт артып отырмыз». — делінген ұйым қаулысында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін де WBO тұжырымы бойынша чемпион Дэниел Гил да чемпиондық белдігін Головкинге төбелессіз бере салған болатын. Бұған қоса, GGG орта салмақтағы топ ондыққа кіретін боксшының бесеуін жеңген еді. Ең мықты деген Альварестың ахуалы мынадай болды. Енді тек орта салмақтағы тағы бір чемпиондық атақ WBO (Бүкіләлемдік бокс ұйымы) тұжырымы қалды. Бұл белдік британиялық Билли Джо Сондерстің еншісінде. Бұл боксшы да ешбір кездесуінде жеңіліп көрмеген. Тым болмаса, осы жекпе-жек болады деп үміттенеміз.

kaz.365info

29 қараша, 11:56
Білімде сұрақ көп, жауап жоқ
22 қараша, 15:01
Сирия соқпақтары немесе бір фильм-қилы тағдырлар
22 қараша, 11:27
Ілия Жақанов: Менің әнім сендерсіз де айтылып жүр!
19 қараша, 15:12
Айтматов әлемі
18 қараша, 11:52
Әпкемді алдап кетіпті...
15 қараша, 18:07
Автобустың әлегі
15 қараша, 18:01
Ұн қымбат, ет тапшы
12 қараша, 12:27
Мақау кісінің мұңы