jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

«Қайрат» жанкүйерлер ең көп тамашалайтын клубқа айналды

16 мамыр 2016, 17:03
264

photo_25823

«Қайрат» футбол командасы ел біріншілігінің алғашқы айналымында ойынын тамашалауға ең көп жанкүйер келген командаға айналды.Клубтың ресми сайтының хабарлауынша, өз алаңындағы ойындарға жанкүйерлердің келу көрсеткіші бойынша да «Қайрат» бірінші орынға шықты.

«Чемпионаттың алғашқы айналымының 65 ойынын (бір матч кейінге қалдырылды) 273 мың көрермен тамашалады (өткен жылы 211 050). Бұл, орта есеппен бір ойынды тамашалауға 4,2 мың көрермен келді деген сөз (өткен жылы 3 197 көрермен тамашалаған). Алматылық клубтың өз алаңындағы және сырт алаңдағы ойындарын тамашалауға барлығы — 80,5 мың адам келген», — делінген хабарламада.

Жанкүйерлердің келу көрсеткіші бойынша екінші орында «Ертіс» командасы — 67,2 мың көрермен. Ал «Ақтөбе» ФК үшінші орында келеді. Бұл команданың ойындарын тамашалауға 62 мың көрермен келген.

ҚазАқпарат

Бүгін, 20:35
Оқушы киімі қанша тұрады?
16 тамыз, 13:26
"Бой түзейтіндер мен ой түзейтіндер бұққан заман"
13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар