jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Хоккей. Қазақстан — Швеция 3:7

12 мамыр 2016, 19:56
259

12-05-16-hokkey-kaz-shv

Мамырдың 12-сіне қараған түні Мәскеуде өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Швеция командасымен кездесіп, 3:7 есебімен ұтылды. Бұл туралы ras.kz хабарлады.
Матчтың басы қазақстандықтар үшін жаман басталған жоқ. Олар бұл аралықта қарсыластар қақпасын жиі торуылдамаса да, өзіне шайба жібере қоймады. Әйткенмен, бұл салыстырмалы тепе-теңдіктің кездесудің 13-минутына дейін ғана жете алды. Содан кейін бәрі басталды.

Шведтердің талқандауы сол уақытта Микаэль Баллундтың ойламаған жерден шайба салып кетуінен арна тартты. Мұны ол және өз командасы азшылықта ойнап жатқан кезде жасады. Арада 3 минут өткенде Линус Класен есепті өсірді. Тағы 1 минуттан соң Адам Ларссонның күшімен ол 3:0-ге дейін жетті. Қазақстан құрамасы бірінші кезең бітуге санаулы секундтар қалғанда, Дастин Бойдтың мергендігі арқылы бір голды салып үлгерді.

Екінші кезеңде шведтер басымдылықтарын тағы екі шайбаға арттырды. Оларды 25 және 29-минуттарда Густав Нюквист түсірді. Ал үшінші кезеңнің бас жағында біздің хоккейшілерге де осылай бір минуттың айналасында қатарынан екі гол салып кетудің орайы келді. Оның біріншісін 47-минутта Владимир Маркелов қарсы қақпаға аттандырса, екіншісін келесі минутта Роман Савченко өз есебіне жазды. Бұдан ары ойынның соңғы нүктесін қою мүмкіндігін шведтер алды. Оны 55-минутта салған Нюквист хет-трикке қол жеткізді.

Матч барысында Қазақстан құрамасы екі рет айдында ойыншылары көп кезінде өз қақпасына шайба салдырып алды. Мұның өзі команданың қорғаныс шебі кілтипанды екенін көрсетті. Әйткенмен, соған қарамастан, жігіттер бұл жолы да ойын арасында шиеленіс туғызып тұруға қабілетті екендерін байқатып қойды.

Кеше сондай-ақ Швейцария Латвияны 5:4, Финляндия Венгрияны 3:0 етіп тізе бүктірді. Бұл күні белорустар словактарды 4:2 етіп ұтып, тағы бір сенсацияны өмірге әкелді. Ал кеше Чехия – Норвегия, АҚШ – Франция, Ресей – Дания, Канада – Германия құрамалары кездесті.

Ертең қазақстандықтар чехтармен мұз айдынына шығады. Осы күні мұнымен қатар АҚШ – Венгрия, Дания – Латвия, Германия – Беларусь ұшырасады.

Мамырдың 11-і күнгі ойындардың қорытындысы бойынша А тобында Чехия, Швеция (екеуінде де – 8 ұпай), В тобында Финляндия (12) мен Канада (9) көш бастап келеді.

13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар
08 тамыз, 14:29
Қазақ әйелі: "Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді"
07 тамыз, 15:59
Шехведрамде, Грузия!