jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Зеленский Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады

13 маусым, 11:58
10

Украинаның Президенті Владимир Зеленский Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады.

«Украина халқының және өз атымнан сізді Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында жеңіске жетуіңізбен құттықтаймын», — деді Украина Президенті. Владимир Зеленский сайлаушылардың Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім артуы, оның ел арасындағы беделі зор екенін көрсеткенін айтқан. «Екі жақтап күш салу арқылы қос ел арасындағы сындарлы ынтымақты, егемендік пен аумақтық тұтастықты сақтай отырып өзара тереңдете алатынымызға сенімдімін. Осы мүмкіндікті пайдаланып, сізді Киев пен Нұр-Сұлтан арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін беру үшін Украинаға іссапармен келуге шақырамын. Құрметті Президент, Сізге осынау жауапты қызметіңізде мықты денсаулық пен жаңа табыс, ал Қазақстанның дос пейілді халқына бейбітшілік пен гүлдену тілеймін», — делінген құттықтауда.

18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!
07 маусым, 12:46
Бұл не деген батпан құйрық?..
07 маусым, 12:39
Жусандай жұғымды болса екен!
31 мамыр, 16:14
Киік - қырғын қайталанбасын дейік...
31 мамыр, 16:08
Ажырасудың себебі - ақша
31 мамыр, 15:48
Алып елдің бір бөлшегі