jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Шығыстағы 6,5 мың мұғалім екі жыл бойы үстемеақыдан қағылыпты

13 маусым, 15:36
99

 Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы өңірдегі 6,5 мың мұғалімге 2 жыл бойы тиесілі үстеме ақы  төленбей келгенін анықтады. ШҚО прокуратурасының араласуынан кейін  мұғалімдерге тиесілі қосымша ақы төленетін болды.

Мектеп қызметкерлері еңбек құқықтарының сақталуына тексеру жүргізген болатын. Нәтижесінде 6,5 мың мұғалімге ерекше қажеттігі бар балалармен жұмыс жүргізгені үшін қосымша ақы төленбегені анықталды», — дейді облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Әсел Момынжанова. Аталмыш санаттағы балалармен жұмыс істегені үшін мұғалімдер базалық еңбекақыға 40% үстеме ақы алуы керек болған. Сол төлемді мұғалімдер 2 жыл бойы алмаған. 2017-2018 жылдарда берешек 87 млн теңгеден асқан. «Қазір қордаланған еңбекақы қарызы төленіп жатыр. Білім қызметкерлеріне бүгінгі күнде 14 млн теңгеден астам қаржы өтелді», — дейді прокуратура өкілі.

ҚазАқпарат

18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!
07 маусым, 12:46
Бұл не деген батпан құйрық?..
07 маусым, 12:39
Жусандай жұғымды болса екен!
31 мамыр, 16:14
Киік - қырғын қайталанбасын дейік...
31 мамыр, 16:08
Ажырасудың себебі - ақша
31 мамыр, 15:48
Алып елдің бір бөлшегі