jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Өгей қыздарына қорлық көрсеткен әйел сот алдына келді

13 маусым, 14:50
1082

Жұртты іс-әрекетімен шулатқан өгей ана сот алдында жауап берді. Сот процесі Түркістанда қаралып жатыр, — деп хабарлайды «Отырар».

Оған Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған. Аталмыш баптарға сәйкес ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Еске салайық, Жетісайда 28 жастағы әйел үш үрімдей қыздарға қорлық көрсеткен еді. Ол қорлық тәсілдерін арнайы дәптерге жазып жүрген. Оқушы қыздардың денесіндегі соққыдан қалған іздерін байқаған мектеп ұстаздары тисті органға хабарлап, былықтың бетін ашуға септігін тигізген болатын.

Қоғамда резонанс туғызған оқиғадан кейін өгей ана шұғыл түрде үй қамағына алынды. Оның кәмелтке толмаған баласының бары сот санкциясында ескерілген. Қорлық көрген үш қыз Шымкентке арнайы оқшаулау орталығына алынған. Кезекті со отырысы 17 маусымда өтеді.

18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!
07 маусым, 12:46
Бұл не деген батпан құйрық?..
07 маусым, 12:39
Жусандай жұғымды болса екен!
31 мамыр, 16:14
Киік - қырғын қайталанбасын дейік...
31 мамыр, 16:08
Ажырасудың себебі - ақша
31 мамыр, 15:48
Алып елдің бір бөлшегі