jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қостанай облысында мүйізі кесілген 16 ақбөкен табылған

13 маусым, 14:35
26

Қостанай облысы Жангелді ауданында 16 ақбөкеннің еті табылды, — деп хабарлайды «Алау» ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, осы дерекке қатысты Қостанай облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр екен.

10 маусымда Жангелді аудандық полиция бөліміне «Охотзопром» инспекторларынан Қарасу ауылынан 70 шақырым жерде 16 ақбөкеннің денесі табылғанынын хабарлаған. Барлығының мүйізі кесілген.

«Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігі («Заңсыз аңшылық, ірі залал келтіре отырып жасалған іс-әрекеттер») бойынша жүргізіліп жатыр», — деді ІІМ өкілдері.

18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!
07 маусым, 12:46
Бұл не деген батпан құйрық?..
07 маусым, 12:39
Жусандай жұғымды болса екен!
31 мамыр, 16:14
Киік - қырғын қайталанбасын дейік...
31 мамыр, 16:08
Ажырасудың себебі - ақша
31 мамыр, 15:48
Алып елдің бір бөлшегі