jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қазақстанда интернетті кім бұғаттайды?

13 маусым, 16:49
32

Қазақстанда заң бойынша әлеуметтік, табиғи және техногендік төтенше жағдайлар кезінде интернетті бұғаттауға болады.

Бас прокуратура интернет пен әлеуметтік желілерді бұғаттауға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Үкіметтің 2018 жылғы 28 қазан күні шығарған қаулысы бойынша интернетті әлеуметтік, табиғи және техногендік төтенше жағдайлар кезінде бұғаттауға болады. Ондай құзірет төрт мемлекеттік орган – бас прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер министрлігі және қорғаныс министрлігіне берілген.

Бас прокуратураның өкілі Сапарбек Нұрпейісов ондай қаулының бар екенін және интернетті бұғаттау құзіретінің аталған төрт министрлікке берілгенін растады. Оның айтуынша, осы күндері Бас прокуратура тарапынан әлеуметтік желілер мен интернет бұғатталмаған.

«Иә, ондай қаулы бар. Онда төрт мемлекеттік органға тиісті өкілеттіктер берілген. Әрине, бас прокуратура алдымен құзіретті органға жүгінеді. Бірақ біздің тарапымыздан ондай өтініш жасалған жоқ», — деді қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Нұрпейісов арнайы баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, 11 маусымнан бастап Қазақстанда желі қолданушылары әлеуметтік желілер мен WhatsApp, Telegram сияқты мессенджерлерінің бұғатталғанына шағымданды.

18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!
07 маусым, 12:46
Бұл не деген батпан құйрық?..
07 маусым, 12:39
Жусандай жұғымды болса екен!
31 мамыр, 16:14
Киік - қырғын қайталанбасын дейік...
31 мамыр, 16:08
Ажырасудың себебі - ақша
31 мамыр, 15:48
Алып елдің бір бөлшегі