jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Кәсіпкер 10 балалы отбасына төрт бөлмелі пәтер сыйлады

13 маусым, 17:46
51

Ақтөбеде шағын отбасыға арналған жатақханада тұрып, кәсіпкерден көмек сұраған Хамзиндер отбасы ерекше сыйға бөленді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Ақтөбе қаласында көпбалалы, мұқтаж отбасыларға «Бақытты отбасы» бағдарламасы түсіндірілді. Жиын кезінде өңір кәсіпкерлерінің көмегімен 8 адамға пәтер берілгені айтылды. Бәрі де пәтерге аса мұқтаж, көпбалалы отбасыға берілген.

«Елбасы кәсіпкерлерге үндеу жолдап, мұқтаж адамдарға көмек беруді тапсырды. Бұған дейін қалада 7 отбасы осы жолмен баспаналы болды. Бүгін тағы бір отбасыға «Центр групп» компаниясының директоры Мұрат Балғазин қуаныш сыйлап отыр», — деді қала әкімі Ілияс Испанов. Құрылыс компаниясы бұған дейін де алдына келген мұқтаж отбасыларды құр жібермей, көмек беріп келеді. Бұл жолы көпбалалы отбасы хабарласып, үй алуға жеңілдік беруді сұраған еді. Ал компания ақылдасып, сыйға беруге шешім қабылдады. «Қонысбай Хамзинге аумағы 103 шаршы метр болатын төрт бөлмелі пәтер сыйға берілді. Оның отбасында 10 бала бар. Үлкені 17 жаста, кішкентайы 1-де. Отбасы тағы бір баланы күтіп отыр. Сондықтан компания қолдау көрсету жөнінде шешім шығарды», — деді компания өкілі Мұрат Балғазин. Айта кетейік, Ақтөбе қаласы бойынша 23 мыңнан астап адам пәтер кезегінде тұр.

18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!
07 маусым, 12:46
Бұл не деген батпан құйрық?..
07 маусым, 12:39
Жусандай жұғымды болса екен!
31 мамыр, 16:14
Киік - қырғын қайталанбасын дейік...
31 мамыр, 16:08
Ажырасудың себебі - ақша
31 мамыр, 15:48
Алып елдің бір бөлшегі