jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Елімізде жалған дәрі-дәрмек жасау жиіледі

13 маусым, 18:19
49

Еліміздегі дәріханаларда жалған дәрі-дәрмек сату деректері жиілеп кетті. Халықаралық сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы рецептілік медициналық препараттардың тең жартысы дәрігердің тағайындауынсыз саудаланатын көрінеді.

Ал дәрі-дәрмектің 10 проценті мүлдем жалған болып шықты. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Жауапты министрлік өкілдері келтірген дерек бойынша, көп жағдайда бағасы қымбат препараттар қолдан жасалады екен. Ал олардың айналымы соңғы 3 жылда едәуір артқан. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі дәрілерді тағайындау мен сатуды реттейтін заң нормаларын күшейтуді қолға алды.

Нұрлыбек Асылбеков, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі комитет төрағасының орынбасары:

— Рецептісіз сатуды тоқтату қазір шыққан жоқ. 15 жылдан аса бұрын кіргізілген норма. Соған байланысты бізде тексерулер жүргізіліп тұрады. Қазіргі таңда біздің комитет тарапынан профилактикалық тексерулер, болмаса шағын тексерулер жүргізіледі.

24.kz

18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!
07 маусым, 12:46
Бұл не деген батпан құйрық?..
07 маусым, 12:39
Жусандай жұғымды болса екен!
31 мамыр, 16:14
Киік - қырғын қайталанбасын дейік...
31 мамыр, 16:08
Ажырасудың себебі - ақша
31 мамыр, 15:48
Алып елдің бір бөлшегі