jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Атырауда прокурор ұсталды

13 маусым, 17:29
1047

Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры ұсталды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қатардағы жемқорлықты болдырмау бойынша жүргізілген жұмыс аясында Бас прокуратураның ішкі тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен бірлесе отырып, биыл 11 маусымда Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Жасұлан Қаратауды ұстады», — делінген хабарламада. Оған қызмет бабын пайдалану жолымен ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп күдік келтірілді. Сот санциясымен Ж.Ж. Қаратауға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!
07 маусым, 12:46
Бұл не деген батпан құйрық?..
07 маусым, 12:39
Жусандай жұғымды болса екен!
31 мамыр, 16:14
Киік - қырғын қайталанбасын дейік...
31 мамыр, 16:08
Ажырасудың себебі - ақша
31 мамыр, 15:48
Алып елдің бір бөлшегі