jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматыда нитрат қосылған жемістер сатылуда

13 маусым, 12:33
90

Алматыда бірқатар сауда орнынан алынған жемістерде нитрат көрсеткіші тым жоғары болған. Бұл туралы қалалық Товарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Атап айтқанда, мамандар Чилиден келетін жүзім мен Қытайдан келетін шабдалыда нитрат көрсеткіші өте жоғары екендігін анықтады. Департамент басшысы Айзат Молдақасымованың айтуынша, жемістерде нитрат көлемі қалыпты жайда 60 мг/кг аспауы тиіс. Шабдалыда нитрат көрсеткіші 98мг/кг, ал жүзімде бұл көрсеткіш 81 кг/мг болды. Сонымен қатар сатушылар азық-түлікті жиналған күні, сақтау мерзімі, өндіруші туралы ақпаратсыз сатқан. Барлығы 5 айда көкөніс жемістерден 72 сынама алынды. Олардың 43%-ы қажетті регламентке сай емес болып шықты. Заңбұзушылықтардан соң 11 кәсіпкерлік субьектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 1 млн 22 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Департаменттен хабарлағандай, көкөніс жемістердегі нитрат көрсеткішін тек зертхана анықтайды. Ал сатып алушы тамақтың түр-түсі мен иісіне қарап ажыратса болады.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!
07 маусым, 12:46
Бұл не деген батпан құйрық?..
07 маусым, 12:39
Жусандай жұғымды болса екен!
31 мамыр, 16:14
Киік - қырғын қайталанбасын дейік...
31 мамыр, 16:08
Ажырасудың себебі - ақша
31 мамыр, 15:48
Алып елдің бір бөлшегі