jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматы облысында үш мектепке қазақ зиялыларының есімі берілді

13 маусым, 16:37
102

Алматы облысының Панфилов ауданындағы үш мектепке қазақ зиялыларының есімі берілді.

Панфилов ауданы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Панфилов ауданында бұрынғы А. Луначарский атындағы орта мектеп-гимназияға даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының есімі берілді. «Көктал орта мектебі» мектепке дейінгі шағын орталығы мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың атымен аталатын болды. Сондай-ақ, Сәтжол орта мектебіне алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың есімі берілді. «Қазіргі уақытта үкіметтің арнайы қаулысы шықты. Енді аудан әкімшілігі тарапынан атқарылатын тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз»,-деді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Арман Юсупов. Айта кету керек, бүгінде Панфилов ауданында орта білім беретін 50 мектеп бар.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!
07 маусым, 12:46
Бұл не деген батпан құйрық?..
07 маусым, 12:39
Жусандай жұғымды болса екен!
31 мамыр, 16:14
Киік - қырғын қайталанбасын дейік...
31 мамыр, 16:08
Ажырасудың себебі - ақша
31 мамыр, 15:48
Алып елдің бір бөлшегі