jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Жүрсін Ерман: Ащы суға қызып алғандарды көрдім

12 маусым, 15:49
2357

Бір-екі күн бұрын рұқсат етілмеген шеру болды. Оның бастамашысы – біздің әйгілі ақын Ринат Зайытов болды. Рұқсат етілмегеннен кейін, басбұзарлықтар орын алады деп Ринатты қамауға алды.

Адамдар жиналды, оларды қоршап тұрған қарулы күштерден де көп болды. Солардың бәрі бірдей дұрыс ниетті адамдар емес. Бірі – Ринатты қолдауға келсе, енді бірі не үшін келгенін де білмейді. Тіпті, бір адамдардың ащы суға қызып алып жүргенін де өз көзіммен көрдім.
Өркениетте елдерде халықтың тілегін жеткізудің өркениетті жолдары бар. Біз енді тәуелсіз ел болдық. 28 жыл тәуелсіз өмір сүріп отырмыз. Мұнда басты қорытынды – халық өзінің еркіндігін білдіруге құқылы екенін танытты. Болашақ өзгерістердің іргесі қаланды.
Жиналғандардың арасында біреудің басы жарылып, жазым болып кетсе, бұл жерде Ринат жауап беруге тиісті болар еді. Осының бізге қажеті бар ма? Бірімізді-біріміз арандатып, шеруге шыққаннан не нәтиже шығады?

Қанша қиыншылық болғанымен, еліміз ілгері басып келеді. Соны сүйініп, бәріміз бас-көз болып, қолдау білдірсек, жарқын күндеріміз алда емес пе?! Сондықтан, ағайын, мен сабыр сақтауға шақырамын. Арандатуға ермейік! Елдің болашағы үшін бәріміз бірге болайық!

stan.kz

18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!
07 маусым, 12:46
Бұл не деген батпан құйрық?..
07 маусым, 12:39
Жусандай жұғымды болса екен!
31 мамыр, 16:14
Киік - қырғын қайталанбасын дейік...
31 мамыр, 16:08
Ажырасудың себебі - ақша
31 мамыр, 15:48
Алып елдің бір бөлшегі