jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қанат Әлжаппаров айтыстан кейін сөз естігенін айтты

12 маусым, 16:35
289

Қанат Әлжаппаров ақын Сара Тоқтамысовамен айтысқаннан кейін көптің сынына ұшырағанын айтты. Ринат Зайытов пен Аманжол Әлтаев сынды танымал өнерпаздардан сөз естігенін де жасырмады. Бұл туралы «Ережесіз әңгіме» бағдарламасында айтты.

«Сөзін ақындарға жаздырған жоқпын. Оны біздің театрлардың авторына жаздырған болатынмын. «Ұйқастырып жіберейік, осы жерлерін бірнәрсе қылайық» дедім. Ал ақындарға жаздырсам, олар елдің мұң-мұқтажын айтып кетуі керек болады. Сонымен айтыс 4 қаңтар күні шықты, 5 қаңтарда бүкіл телевидение мені «Әлжаппаров қайда? Желкесін қиямыз» деп іздеп жүрді», — дейді Қанат Әлжаппаров.

Әзілкеш осы жағдайдан кейін Аманжол Әлтаев және Ринат Зайытов сынды айтыскерлердің өзіне қатты ұрысқанын айтады.

«Олар маған «Қазақтың төл өнерін қор қылып Әлжаппаров неге сахнаға шықты?» деді. Күшті-күшті адамдардан сөз естідім. Ұялмай тағы екінші рет шықтым. Екінші рет тағы да хит болады деп ойлағанбыз. Баспен әдемі қадалғаннан кейін қойдық. Бірінші Ринат айтты. Енді ол кісілер, шынымен де, айтыстың жанашыры ғой. Олардың ұрысатынындай бар. Шықса не қылады дегендей жауап қайтарған жоқпыз. Кешірім сұрап жүре бердік. «Әліппеден басқа оқымаған Әлжаппаровты айтысқа шығару деген — сорақылық» дегендей айтты. «Дұрыс айтасыз» деп қосылдым», — дейді Қанат Әлжаппаров.

Сондай-ақ, ол өзінен кешірім сұрауды талап еткендердің болғанын айтты.

18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!
07 маусым, 12:46
Бұл не деген батпан құйрық?..
07 маусым, 12:39
Жусандай жұғымды болса екен!
31 мамыр, 16:14
Киік - қырғын қайталанбасын дейік...
31 мамыр, 16:08
Ажырасудың себебі - ақша
31 мамыр, 15:48
Алып елдің бір бөлшегі