jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Астаналық әйел докторлық диссертация жазушыға алданып қалды

12 маусым, 14:47
133

Семейлік азаматқа докторлық диссертация жаздыртып алмақ болған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны алданып қалды.

10 маусым күні Семей қаласының полиция басқармасына астаналық әйелден арыз түскен. 43 жастағы елорда тұрғыны өзі жете танымайтын адамға докторлық диссертация жазғызу үшін 1,5 млн теңге ұстатып қоя береді, деп жазады ҚазАқпарат. Уәдені үйіп-төккен ер адам қолына ақша тиген күні-ақ телефонын өшіріп, хабарсыз кеткен.

«Жедел іздестіру шараларының арқасында күдіктінің 56 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазір оның үстінен Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — делінген ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!
07 маусым, 12:46
Бұл не деген батпан құйрық?..
07 маусым, 12:39
Жусандай жұғымды болса екен!
31 мамыр, 16:14
Киік - қырғын қайталанбасын дейік...
31 мамыр, 16:08
Ажырасудың себебі - ақша
31 мамыр, 15:48
Алып елдің бір бөлшегі