jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

6 жасар қызды зорламақ болды

12 маусым, 14:03
23

Алматы облысында 6 жасар қызға шабуыл жасаған күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлады .

Аталған дерек Алакөл ауданындағы ауылдардың бірінде тіркелген. 11 маусымда 25 жастағы ер адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген. Ол кішкентай қызға шабуылдап, зорламақ болды деп күдіктеліп отыр.

Анықталғандай, ер адам 6 жасар қызды «дәрілік шөптер жинаймыз» деп алдап, ауыл шетіне алып шыққан. Артынша оны зорламақ болыпты. Абырой болғанда, қыз бала айқайлап, жергілікті тұрғындардың бірі оның шырқыраған даусын естіген. Ол бірден көмекке ұмтылып, қыздың үстіндегі киімін шешіп жатқан педофилді ұстап алыпты.

«53 жастағы ер адам бірден ауылдық учаскелік полицейді шақырып, күдіктіні тәртіп сақшысы жеткенше ұстап тұрған. Қыз бала тірі және аман-есен. Педофил арам ойын іске асырып үлгермеді. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», — дейді облыстық полициядағылар.

Сонымен қатар ведомстводағылар қызды құтқарып қалған ер адамды марапаттауды жоспарлап отырғанын хабарлады.

18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!
07 маусым, 12:46
Бұл не деген батпан құйрық?..
07 маусым, 12:39
Жусандай жұғымды болса екен!
31 мамыр, 16:14
Киік - қырғын қайталанбасын дейік...
31 мамыр, 16:08
Ажырасудың себебі - ақша
31 мамыр, 15:48
Алып елдің бір бөлшегі