jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қызылорда облысында үшем дүниеге келді

16 мамыр, 14:07
70

Қызылорда облысында тағы бір үшем дүниеге келді. Шиелі ауданында тұратын Жандос Мақатаев пен Жазира Ертаеваның шаңырағында Айбибі, Айша және Ақнұр есімді үш қыз жарық дүние есігін ашты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Жас ана үшемді Қызылорда облыстық периниталды орталықта өмірге алып келді. Жолдасы екеуі бұған дейін Айару есімді тұңғышын тәрбиелеп отыр. Ол биыл үш жасқа келді. Енді осылайша Мақатаевтар отбасында төрт қыз бала шаңырақ шырайын кіргізе түседі. Бұған дейін сәуір айында Қызылорда облысында тағы бір үшем дүниеге келген еді. Жаңақорған ауданында тұратын Өмірбек Үсенов пен Кәмила Шайжанова да осындай қуанышқа кенелді. Соңғы жылдарда Сыр өңірінде үшемдер саны көбейіп отыр. Былтыр облыста 3 үшем, 132 егіз туған. Биыл жыл басынан бері 46 егіз жарық дүниеге есігін ашты.

24 мамыр, 16:40
Жер сатылмайды!
24 мамыр, 16:25
Бір күннен байқағанымыз...
24 мамыр, 16:10
Оқулық қате болса, балаға қалай кінә артамыз?
24 мамыр, 16:01
"Бір белдеу, бір жол": Жүрдек пойыз жүйткиді
24 мамыр, 15:57
Қабықтан қағаз жасаған
17 мамыр, 17:23
Жібекпен жұртқа танылған
17 мамыр, 14:26
ШЫҢЖАҢ: Біз көрген "лагерь"
26 сәуiр, 14:47
Үгіт материалдарын ұсыну тәртібі