jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Құлаған қыз жайлы тың деректер белгілі болды

16 мамыр, 12:43
1225

Талдықорғанда №19 мектеп-гимназияға қарасты шағын орталықтың екінші қабатынан құлаған баланың ата-анасы сол мектепте жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
№19 мектеп-гимназиясының директоры Қайрат Сарқытовтың айтуынша, бала шағын орталыққа екі күн бұрын ғана қабылданған. Ал екі жасар қыздың әкесі — дене тәрбиесінің, ал анасы — бастауыш сынып мұғалімі. «Шағын орталықтың ашылғанына он жыл болды. Тәрбиешінің де бұл жерде жұмыс істеп жатқанына 10 жыл уақыт болған. Өте тәжірибелі маман. Оқиға жайлы басқа ештеңе айта алмаймын. Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр», — деді Қайрат Сарқытов. Естеріңізге сала кетейік, 15 мамыр күні шағын орталықтың екінші қабатынан екі жасар бала құлап кетті. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Ал полицейлер аталған факті бойынша соталды тергеу жүргізуде.

24 мамыр, 16:40
Жер сатылмайды!
24 мамыр, 16:25
Бір күннен байқағанымыз...
24 мамыр, 16:10
Оқулық қате болса, балаға қалай кінә артамыз?
24 мамыр, 16:01
"Бір белдеу, бір жол": Жүрдек пойыз жүйткиді
24 мамыр, 15:57
Қабықтан қағаз жасаған
17 мамыр, 17:23
Жібекпен жұртқа танылған
17 мамыр, 14:26
ШЫҢЖАҢ: Біз көрген "лагерь"
26 сәуiр, 14:47
Үгіт материалдарын ұсыну тәртібі