jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Елбасы: Сайлауға қайта түссем, халықтың маған 100 пайыз дауыс беретініне сенімдімін

16 мамыр, 14:14
2592

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев қайта сайлауға түссе, Қазақстан халқының өзіне 100 пайыз дауыс беретініне сенімді екенін жеткізді. Бұл туралы ол Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Астана экономикалық форумында мәлім етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Шетелдік меймандардың сауалына жауап берген Елбасы, Қазақстанның тәуелсіздік жылдары ел экономикасын көтеруде қандай жолдарды таңдағанан айтып берді. Тұңғыш президент сонымен бірге, бес рет президенттік сайлауға түсіп, олардың барлығында жеңіске жеткендігін сөз етті.

«Бес рет сайлауға түсіп, жеңіске жеттім. Қай ел болмасын, жетістіктерге жету үшін, президент халықпен бірге болуы керек. Әр сайлау сайын маған 85 пайыздан кем дауыс бермейтін. Биыл менің мандатым жалғасқанымен, мен президенттік өкілеттікті тапсыру туралы шешімге келдім. Бірақ егер сайлауға қайта түссем, халықтың маған 100 пайыз дауыс беретініне сенімдімін»,-деді Елбасы.
Елбасы шетелдік меймандарға тәуелсіздік жылдары қолға алынған бірқатар жобаларды тізіп берді.

«Біз индустриалды дамыту бағдарламасын әзірлеп, қайта өңдеу бағдарламасын дайындадық, 7-20-25 бағдарламасы жұмыс істеп тұр. Сол сияқты бағдарламалар өте көп»,-деді Елбасы.

24 мамыр, 16:40
Жер сатылмайды!
24 мамыр, 16:25
Бір күннен байқағанымыз...
24 мамыр, 16:10
Оқулық қате болса, балаға қалай кінә артамыз?
24 мамыр, 16:01
"Бір белдеу, бір жол": Жүрдек пойыз жүйткиді
24 мамыр, 15:57
Қабықтан қағаз жасаған
17 мамыр, 17:23
Жібекпен жұртқа танылған
17 мамыр, 14:26
ШЫҢЖАҢ: Біз көрген "лагерь"
26 сәуiр, 14:47
Үгіт материалдарын ұсыну тәртібі