jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Әйелдерді тонап, зорлаған күдікті ұсталды

16 мамыр, 15:16
294

Алматы облысында екі әйелге күш көрсетіп тонап, бірін зорлаған күдікті ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қазір ұсталған күдікті екі әйелді тонағаны анықталды. Бірінде ол әйелді тонап кетсе, ал екінші әйелді тонаумен қоса, зорлап кеткен. Оқиға Іле ауданында сәуір айының аяғы мен мамыр айының басында болған. «Жас әйел өзін Жапек ауылының маңында зорлап, тонап кеткендігі жөнінде арыз түсірді. Осы арыз бойынша күдікті ұсталды. Тексеру барысында күдікті тағы бір әйелді тонағаны анықталды. Ол әйел де Іле ауданының полицейлеріне арыз түсірген болатын. Екі фактіде де 38 жастағы ер адам әйелдердің ақшасымен, бағалы әшекей заттарын және ұялы телефондарын тартып алған. Қазір іс материалына жәбірленушінің төлем картасы айғақ зат ретінде тіркелді. Төлем картасы күдіктіні тінту барысында табылды», — деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Бұған дейін адам зорлап істі болған күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын полицейлер тексеріп жатыр.

24 мамыр, 16:40
Жер сатылмайды!
24 мамыр, 16:25
Бір күннен байқағанымыз...
24 мамыр, 16:10
Оқулық қате болса, балаға қалай кінә артамыз?
24 мамыр, 16:01
"Бір белдеу, бір жол": Жүрдек пойыз жүйткиді
24 мамыр, 15:57
Қабықтан қағаз жасаған
17 мамыр, 17:23
Жібекпен жұртқа танылған
17 мамыр, 14:26
ШЫҢЖАҢ: Біз көрген "лагерь"
26 сәуiр, 14:47
Үгіт материалдарын ұсыну тәртібі