jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

«Шымбұлақ» тау курортының күндері «Роза хуторда» өтеді

15 наурыз, 10:00
15
     15-17 наурыз аралығында «Шымбұлақ» тау курортының күндері Ресейдің ірі «Роза хутор» тау шаңғы курортында өтеді деп хабарлады Шымбұлақтың баспасөз қызметі. Жоспарланған іс-шара аясында Қазақстанның  және «Шымбұлақ» тау курортының туристік мүмкіндіктері таныстырылады.
Ресей курортының барлық келушілері үшін қызықты және мазмұнды бағдарлама дайындалған. Осы мақсат үшін Қазақстанның оңтүстік астанасынан арнайы Наурызға орайластырылып әкелінген қазақтың киіз үйі орнатылады, қонақтар қазақтың ұлттық тағамдары мен сусындарынан, бауырсақ, қымыз бен қазыдан дәм татады. Батырлар қонақтарды қазақ дәстүрлерімен таныстырады, сондай-ақ іс-шараға құсбегілік өнердің нышаны ретінде бүркіттер әкелінеді. Танымдық ойын-сауық бағдарламасы аясында іс-шара қонақтарын «Шымбұлақ» курортындағы атмосфераға толығымен сапар шектіретін виртуалды шынайылық көзілдірігі ұсынылатын арнайы аймақтар да қарастырылған.
Аталмыш мереке аясында «A’Studio» тобының негізін қалаушы және көшбасшысы Байғали Серкебаев және танымал қазақстандық композитор Ренат Гайсин продюсерлік ететін қазақстандық бойз-бенд The Jigits және Black Star лейблының әртісі Natan өнер көрсетеді.
Сонымен қатар, іс-шара барысында ресейлік және халықаралық туристік компаниялар үшін b2b-сессиясы өтеді, оның бағдарламасына қазақстандық туризм туралы «KazakhTourism» Ұлттық компаниясы, Shymbulak Mountain Resort курортының презентациялары, қазақстандық туроператорлардың турлары мен бағдарламалары енеді.
Бұл науқан Ресей мен Қазақстанның екі ірі тау курорттарының арасында биыл қол қойылған меморандумның нәтижесінде ұйымдастырылды. Естеріңізге сала кетейік, құжат тау курорттарын насихаттау, тау туризмін дамыту және оның танымалдылығын арттыру, белсенді демалыс, спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ туристер ағынын арттыру және екі ел халықтары арасындағы достық байланыстарды нығайту мақсатындағы ынтымақтастықты көздейді.
24 мамыр, 16:40
Жер сатылмайды!
24 мамыр, 16:25
Бір күннен байқағанымыз...
24 мамыр, 16:10
Оқулық қате болса, балаға қалай кінә артамыз?
24 мамыр, 16:01
"Бір белдеу, бір жол": Жүрдек пойыз жүйткиді
24 мамыр, 15:57
Қабықтан қағаз жасаған
17 мамыр, 17:23
Жібекпен жұртқа танылған
17 мамыр, 14:26
ШЫҢЖАҢ: Біз көрген "лагерь"
26 сәуiр, 14:47
Үгіт материалдарын ұсыну тәртібі