jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Камаз жеке үйлердің біріне бұзып-жарып кірді

15 наурыз, 23:24
21

Алматыда Камаз жеке үйлердің біріне бұзып-жарып кірді. Болжам бойынша ауыр техниканың тежегіші істен шыққан. Түн ортасында жоғары жылдамдықпен тас қоршауды қопарып кірген жүк көлігі ауланы жапырып өткен. Қала берді, ассенизаторлық қызмет көрсететін бұл көліктің цистернасындағы нәжіс төгіліп, одан сайын ойрандады. Үй иелері қонақ күтіп іште жүргендіктен аман қалған. Ал Камаз жүргізушісі мен кабинаға қысылып қалған жолаушысына сол маңда өтіп бара жатқан азаматтар көмекке ұмтылған. Бұл туралы КТК теларнасы хабарлады.

Пірімовтер отбасы өткен түнді ұйқысыз өткізді. Үйінде жайбарақат қонақ күтіп отырған жанұя аз қалғанда мына даңғарадай жүк көлігінің астында қала жаздады. Гүрсілдеген дауысты олар бастапқыда жер сілкінісі деп ойлап қалған. Алайда, ауласындағы көріністі көріп, естен тана жаздады. Өйткені, осының алдында ғана жар дегенде жалғыз ұлдары даладан кірген екен.

Абылайхан Пірімов:

— 10 минут бұрын машинаны кіргіздім. Есігін жауып, үйге кірдім. Жуынып жатқан кезде қатты дыбыс шықты. Құдай сақтап қалды.

Пірімовтер үйіне бұзып-жарып кірген жай КАМАЗ емес, ассенизаторлық қызмет көрсететін боп шықты. Ал цистернасы үйдің дәл жанына құлаған. Онысы жарылып, ішіндегі нәжіс жан-жақа шашыраған. Одан қалды, аула қанға боялған. Себебі, көлік қасапханадан жуынды-шайындыны сорғызып, қайтып келе жатқан беті екен.

— Қанның иісі ұсмдық енді. Мұрын жаппай жүре алмайсың. Уланып қалуымыз да мүмкін.

Ал бір емес, екі бірдей тас қоршауды бұзып-жарып кірген КАМАЗ жүргізушісіне бірінші боп Азамат Токин көмекке келген. Істен шыққан жүк көлігі келіншегімен көшеде серуендеп жүрген оның дәл алдынан өте шыққан.

Азамат Токин, оқиға куәгері:

— Жүргізушісі ана үйдің бұрышында жатыр екен. Темірдің үстінде. Құлап қалды өзі. Мына жеріне темір кіріп кетіпті. Ішіне кірсем, адам көрінбейді. Сөйтсем, кабинаға жабысып қалған екен. Бүктетіліп қалыпты екіге. Сөйтіп, көтеріп алып шықтым.

Ал жүк көлігі тізгінінде 36 жастағы жігіт отырған. Ауыр соққыдан қабырғасы мен аяғы сынып, миы шайқалған. Ал қасындағы 50 жастағы жолаушысының халі одан ауыр. Қазір оның өмірін құтқарып қалу үшін дәрігерлер отаға дайындап жатыр. Жалпы, жол бойындағы бұл үйді осымен төртінші көлік жапырып өткен. Бұған дейін Пірімовтердің ауласына жолаушылар толы автобус пен екі бірдей жүк көлігі талқандап кірген. Үш жағдайда да тежегіш істен шыққан. Бірақта, көліктің техникалық жағдайына бей-жай қараған бірде-бір көлік иесі сол күйі жауапқа тартылмапты. Десе де, тәртіп сақшыларының төртінші мәрте көз жұма қарауға дәті бармаған сияқты. Олар тексерісті бастады. Ал КАМАЗ нәжіс сорғызатын жеке компаниялардың біріне тиісті боп шықты. Дегенмен, адам өлімімен аяқтала жаздаған апатқа себепкер мекеме атауы құпия сақталуда.

24 мамыр, 16:40
Жер сатылмайды!
24 мамыр, 16:25
Бір күннен байқағанымыз...
24 мамыр, 16:10
Оқулық қате болса, балаға қалай кінә артамыз?
24 мамыр, 16:01
"Бір белдеу, бір жол": Жүрдек пойыз жүйткиді
24 мамыр, 15:57
Қабықтан қағаз жасаған
17 мамыр, 17:23
Жібекпен жұртқа танылған
17 мамыр, 14:26
ШЫҢЖАҢ: Біз көрген "лагерь"
26 сәуiр, 14:47
Үгіт материалдарын ұсыну тәртібі