jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

«Эйр Астанамен» және FlyArystan-мен «Арманыңды іске асыр»

15 наурыз, 14:45
59

FlyArystan бюджеттік әуекомпанияның 2018 жылы қарашада құруы туралы хабарлағаннан бері 90 жаңа жұмыс орны ашылды, және ұшуларды орындауды бастағанда 150-ге дейін үлкейеді. Содан басқа лоукостердің іске қосылуы рейстер қатынайтын аймақтарда жанама жұмыс орындарды ашуына жағдай жасап, туристік саланың дамуына түрткі болмақ.

FlyArystan бортсеріктерді қабылдауға арналған ашық есік күндерін 2018 жылғы желтоқсанында және 2019 жылғы қаңтарында ұйымдастырған. 70 үміткер барлық сынақтардан сәтті өтті және бүгінгі таңда 31 бортсерік жұмысқа алынды. Олар қазір Condor халықаралық бортсерік мектебінде оқып жатыр.

Сонымен қатар, жолаушыларға қызмет көрсету агенттері белсенді түрде қабылданып жатыр. Дәстүрлі әуекомпаниядағыдай емес, бюджеттік әуекомпаниясында олардың жұмысы бірнеше бағдарларды қамтиды: телефон арқылы қызмет көрсету, әуежайда қызмет көрсету, әлеуметтік желілерде жұмыс істеу және электрондық пошта арқылы сүйемелдеу.

«Эйр Астананың» қауіпсіздіктің және сенімділіктің жоғары стандарттарына сай болу үшін FlyArystan-ның барлық жаңа қызметкерлері «Эйр Астананың» тренингтік академиясында міндетті түрде дәріс алады.

«Эйр Астана» 2017 жылғы қазан айында бортсеріктерді, механиктерді және ұшқыштарды қабылдау бойынша «Арманыңды іске асыр» кең ауқымды науқанды бастаған болатын. Жыл бойы компания ab initio ұшқыштарды және авиамеханиктерді даярлау бағдарламасы бойынша үміткерлерді қабылдап жатыр. Тұрақты түрде оқу орындарда мансап күндері және компания туралы таныстырылымдар өтуде, әуекомпаниясының авиатренажерларына экскурсиялар ұйымдастырылуда. Ақпараттық технологиялар және қаржы департаменттеріндегі тағылымдамалар жас балаларға кәсіпке шомуға және сәтті жұмысқа орналасу үшін қажетті дағдылар алуға мүмкіндік береді. «Эйр Астанада» және FlyArystan компаниясында жұмыс істегілері келетіндер өз түйіндемелерін job,airastana.com сайтында қалдыра алады.

 

 

FlyArystan туралы

FlyArystan – тұңғыш қазақстандық бюджеттік әуекомпаниясы, «Эйр Астана» жетекші отандық әуекомпанияның бөлімшесі. Әуекомпанияның іске қосылуы 2019 жылғы бірінші жарты жылдығына жоспарланған. Әуекомпанияның паркі төрт Airbus A320 ұшағынан тұрады. Әуепаркі 2022 жылға дейін 15 әуелайнерге дейін ұлғаяды.

24 мамыр, 16:40
Жер сатылмайды!
24 мамыр, 16:25
Бір күннен байқағанымыз...
24 мамыр, 16:10
Оқулық қате болса, балаға қалай кінә артамыз?
24 мамыр, 16:01
"Бір белдеу, бір жол": Жүрдек пойыз жүйткиді
24 мамыр, 15:57
Қабықтан қағаз жасаған
17 мамыр, 17:23
Жібекпен жұртқа танылған
17 мамыр, 14:26
ШЫҢЖАҢ: Біз көрген "лагерь"
26 сәуiр, 14:47
Үгіт материалдарын ұсыну тәртібі