jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Асқар Мамин футбол командаларының шығындары туралы айтты

15 наурыз, 11:41
19

Қазақстанда футбол командалары шығындарының бірыңғай нормативтерін белгілеу орынсыз. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына жауап берген ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин атап өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Қазіргі уақытта ұлттық футбол командалары жергілікті бюджет пен демеушілік қаражат есебінен қаржыландырылады. Бұл ретте өңірлердің ерекшелігін, олардың экономикалық жай-күйін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар, салалардың даму басымдықтары негізінде өздерінің футбол клубын қаржыландыру үшін жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат мөлшерін өздері белгілейді», — делінген Үкімет басшысының жауабында. Сонымен қатар ол демеушілік қаражатты тарту өңірде ірі өнеркәсіптік нысандардың, қалада жүйе құраушы кәсіпорындардың болуына, бизнес орта мен инвестициялық әлеуетінің дамуына байланысты екендігіне назар аудартады. Мысалы, «Қайрат» (Алматы), «Атырау» (Атырау), «Шахтер» (Қарағанды) футбол клубтары жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттан басқа, сондай-ақ ірі кәсіпорындар мен компаниялардың демеушілік қаражаты есебінен қаржыландырылады. «Осыған байланысты экономикалық дамудағы өңірлік теңгерімсіздікті ескере отырып, қазіргі уақытта футбол командалары шығындарының бірыңғай нормативтерін белгілеу орынсыз. Бұл ретте футбол командаларын қаржыландыру бойынша тәсілдерді одан әрі жетілдіру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп футбол саласындағы сарапшылардың қатысуымен, оның ішінде оң халықаралық тәжірибені ескере отырып, осы мәселені зерттейтін болады», — деді Асқар Мамин.

24 мамыр, 16:40
Жер сатылмайды!
24 мамыр, 16:25
Бір күннен байқағанымыз...
24 мамыр, 16:10
Оқулық қате болса, балаға қалай кінә артамыз?
24 мамыр, 16:01
"Бір белдеу, бір жол": Жүрдек пойыз жүйткиді
24 мамыр, 15:57
Қабықтан қағаз жасаған
17 мамыр, 17:23
Жібекпен жұртқа танылған
17 мамыр, 14:26
ШЫҢЖАҢ: Біз көрген "лагерь"
26 сәуiр, 14:47
Үгіт материалдарын ұсыну тәртібі