jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ресейге ақша табу үшін кеткен жігіт жоғалып кеткен

12 ақпан, 17:56
28

Алматы облысында Ресейге ақша табуға кеткен жігіт жоғалып кетті. Артында қалған анасы «ұлым құлдыққа түсіп қалды ма» деп алаңдауда. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

1978 жылы туған кенже ұлы Жүніс Күнболатовты жоғалтып алған Сағымхан апа Алматы облысының Ащысай ауылында тұратындарын айтты.

Қарт ана ұлының Ресейге кетемін дегеніне қарсы болғанын жеткізді.

Бірақ «ауылда жұмыссыз жүргенше нәпақаны сырттан табамын» деп кеткен жігіт Мәскеудегі «Казан» вокзалында қара жұмысқа тұрыпты.

«Бәлен жерде бақыр бар, барсаң бақыр тұрмақ қол жаулық жоқ деп, жерің тұрғанда, елің тұрғанда Ресейде әкеңнің басы бар ма дедім.
Бірақ жете алмай қалдым, кетіп қалды. Енді қандай күйде қалды?

Қандай өмірде жүр? Бич болып кетті ме біреуге? Жоқ әлде өліп қалды ма? Соны біле алмай құса болып жүрмін», — деді Жүністің анасы Сағымхан Кенжемолдақызы.
Ағайындарына жағдайының жақсы екенін жеті ай бойы айтып тұрған Жүніс өткен жылдың күзінде ауылдастарымен бірге кері қайтпай, «вокзал маңындағы құрылысты толық аяқтап, ақшасын алып қайтамын» деп қалып қойған.

Тек өткен жылдың қазан айында асығыс хабарласып, «тоналдым, құжат пен қаражатымнан айрылдым» деп қана қысқаша ақпарат беріпті.

Ал Еңбекшіқазақ аулынан Ресейге барып-келіп жүрген жігіттер кейін қайта Мәскеуге барғанда жерлестерін таппағандарын айтқан.

«Сол көрші ауылдың балалары ертіп апарған оны жаңағы жұмысқа арнайы.
Бірақ оларды да көрсетіп жазғанбыз. Әлі тергеу істері жүргізілген де жоқ. Ешқандай жұмыс нәтиже беріп жатқан жоқ.

Соны біз қайта қайта арызданып жатырмыз. Ешқандай өзгеріс жоқ», — деді 70 жастағы анаға көмектесіп жүрген заңгер Аркен Кенжемолдаев.
«Қазақстан мен Ресейдің арасында қылмыскерлерді ұстау, құқығы бұзылған азаматтарға көмек беру мен жоғалған жанды іздеу туралы 2008 жылы ратификацияланған заң аясында жұмыс істелсе» деді 41 жастағы жоғалған жігіттің туыстары.

19 сәуiр, 15:50
Табиғат тартуы немесе тағы да тау кластері жөнінде
19 сәуiр, 15:20
Америкада алшаң басып жүрмейді
19 сәуiр, 15:03
Жолда келе жатырмыз...
19 сәуiр, 12:09
Жіпке байланған өмір
12 сәуiр, 17:26
"Тұлғасын газетінен танимын"
12 сәуiр, 17:09
Жусан иісін сағынған
12 сәуiр, 17:03
АЭС салуға қажеттілік бар ма?
12 сәуiр, 16:50
Байқоңыр бізге қарайды, біз...