jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Кәсіпкер екі отбасына үй салып берді

12 ақпан, 12:57
52

Түркістан облысында кәсіпкер Сырым Ертаев өз қаржысы есебінен екі отбасына үй салып берді. «Қайып ата» ЖШС басшысы әрі «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген азамат көпбалалы жанұяларға осындай қайырымдылық жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жомарт жүректі кәсіпкерге алғысын білдірген екі отбасы бүгінде жаңа баспаналарына қоныстанды. Қазақстанда ет экспортының әлеуетін көтеріп, шетелге ет тасымалдап жүрген Сырым Ертаев өз кәсібі арқылы өзге де ауылдастарын жұмыспен қамтып отыр. Осылайша, ол «Қазақстандағы 100 жаңа есім» қатарына шынайы ел патриоты ретінде енгенін ісімен дәлелдеді. Алдағы уақытта да қайырымдылық шараларына атсалысуды көздеп отырған кәсіпкерге Қазығұрт ауданының тұрғындары дән риза. Қазіргі таңда аталған ауданда қайырымдылық жасау шаралары жиілеп отыр. Мәселен, жуырда ғана еліміздегі 11 миллионыншы қазақтың отбасына аудан әкімдігі жаңа пәтердің кілтін тапсырды. Мұхтар Әбдірахым Қазығұрт ауданы Қарабау ауылдық округі Үшбұлақ ауылында дүниеге келген. Ол Қазақстанда туған 11 миллионыншы қазақ болып тіркелген. Мұхтардың әкесі Мәлік Бадамбаев ауыл шаруашылығымен айналысады. Анасы Шолпан Күдербекова — мектепте мұғалім. Үйлі болған отбасы ел азаматтарына алғыстарын айтты. Сондай-ақ, жергілікті депутаттар Қазығұрт ауылдық округінің тұрмысы төмен 30 отбасына демеушілік жасап, азық-түлікпен көмек көрсетті. Аудандық «Жалында жастар» қоғамдық бірлестігі облыс және аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен әлеуметтік жағдайы аз қамтамасыз етілген отбасыларға үй-жиһаздарын және азық-түлік алып берген. Қайырымдылық іс-шаралары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

19 сәуiр, 15:50
Табиғат тартуы немесе тағы да тау кластері жөнінде
19 сәуiр, 15:20
Америкада алшаң басып жүрмейді
19 сәуiр, 15:03
Жолда келе жатырмыз...
19 сәуiр, 12:09
Жіпке байланған өмір
12 сәуiр, 17:26
"Тұлғасын газетінен танимын"
12 сәуiр, 17:09
Жусан иісін сағынған
12 сәуiр, 17:03
АЭС салуға қажеттілік бар ма?
12 сәуiр, 16:50
Байқоңыр бізге қарайды, біз...