jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматы тауларында жасанды қар көшкіні жүргізілді

12 ақпан, 17:31
11

Алматы тауларында жасанды қар көшкіні жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған дейін қалалық ТЖД Үлкен және кіші Алматы шатқалдарында қардың көп түсуіне байланысты профилактикалық қар көшкіні жоспарланғанын хабарлаған болатын. Алайда толассыз қар жаууына байланысты жасанды қар көшкінін жүргізу кейінге қалдырылған болатын. Бүгін күн Медеу, Бутаковка автожолдарында, Экопосттан жоғары 3 мәрте қар көшкіні жіберілді. Екі жолды 200 және 600 текше метр қар басып қалды. Оны тазалауға «Қазселденқорғау» ММ 5 техникасы мен 9 қызметкері жұмылдырылды. ТЖД өкілдері алматылықтар мен қонақтарға таулы аймаққа серуенге шықпауға кеңес берді.

 

08 ақпан, 16:29
Мұрнына өлең иісі бармайтындар да баға береді...
08 ақпан, 16:19
Кезекті дүние, кезбелі дәулет
08 ақпан, 15:53
Лашықтағы өмір
08 ақпан, 15:47
Небәрі 12 ер мұғалім...
04 ақпан, 22:23
Үзіліп түсті бес тал гүл, сабағынан...
01 ақпан, 16:21
Бренд болуы тиіс!
01 ақпан, 16:14
Жансыздар немесе отаршылдардың жымысқы тәсілі жөнінде
01 ақпан, 16:04
Жұмабай Шаштайұлы: Адам жанын ақша арбады