jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қ.Қасымов: Ағымдағы жылы 505 елді мекенді су басу қаупі тұр

12 ақпан, 15:23
18

Үкіметтің кезекті отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарына тоқталды.
Мектеп, балабақша, аурухана, өмір сүруді қамтамасыз ету орындары, ірі сауда орталықтары секілді өрт қауіпсіздігі жоғары нысандар тұрақты бақылауда. Штатында 933 инспектор бар мемлекеттің өрт бақылау қызметі өткен жылы 40 мыңнан астам нысанды тексерді. Нәтижесінде, 139 мың заң бұзушылық анықталып, 21 мыңға жуық лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деді Қасымов.
Оның айтуынша, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелірін сақтамауына байланысты ұсынылған ескертпелерді ескермегені үшін нысандардың жұмысын тоқтату бойынша 2 мыңнан астам талап арыз сотқа жолданған.
Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көктемгі су тасқыны кезінде төтенше жағдайлар қаупін азайтуға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Ағымдағы жылы 505 елді мекенді су басу қаупі тұр. Негізінен, олар мына облыстарда: Алматы – 75, Шығыс Қазақстан – 76, Ақмола – 46, Ақтөбе – 35, Қарағанды – 33, Қызылорда – 31, Қостанай – 52, Павлодар – 14, Солтүстік Қазақстан – 18», — деді министр.
Қасымовтың айтуынша, су тасқынының алдын алу үшін жергілікті басқару органдарымен елді мекендерден 3 млн текше метрден астам қарды шет аймаққа шығарылған. Сондай-ақ, өтенше жағдайлардағы қажеттіліктер үшін төтенше жағдай қорында 17,7 млрд теңге қарастырылған.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қасымов ақпан айының бірінші тоқсанында елде 18 адам өрт салдарынан көз жұмғанын айтты.
Ал ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өрт қауіпсіздігіне қатысты жұмысты дұрыс атқармағаны үшін бірқатар шенеунікке қатаң сөгіс жариялап, Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасарын қызметтен босатты.

Караван 

08 ақпан, 16:29
Мұрнына өлең иісі бармайтындар да баға береді...
08 ақпан, 16:19
Кезекті дүние, кезбелі дәулет
08 ақпан, 15:53
Лашықтағы өмір
08 ақпан, 15:47
Небәрі 12 ер мұғалім...
04 ақпан, 22:23
Үзіліп түсті бес тал гүл, сабағынан...
01 ақпан, 16:21
Бренд болуы тиіс!
01 ақпан, 16:14
Жансыздар немесе отаршылдардың жымысқы тәсілі жөнінде
01 ақпан, 16:04
Жұмабай Шаштайұлы: Адам жанын ақша арбады