jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Өзбекстаннан табылған инсулинге қатысты тексеру жалғасуда

11 ақпан, 14:49
34

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова қазақстандықтарға арналған инсулиннің Өзбекстанға өтіп кетуіне байланысты тексеру жұмыстары әлі аяқталмағанын мәлім етті. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлады.

«Иә, біз бұл мәселе бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетіне өтініш берген болатынбыз. Олар қазіргі уақытта аталған препараттың сол жаққа өткізіліп кетуіне байланысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол препараттарды, шынымен, кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету үшін «СК-Фармация» алған болатын. Бұл препараттар — 2018 жылы сатып алынған серия еді», — деді Людмила Бюрабекова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Людмила Бюрабекованың айтуынша, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің аумақтық департаменттері де Ұлттық бюромен бірге өз тексеруін жүргізуде. «Тексеру жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Оның нәтижесі белгілі болғаннан кейін біз бірден осы мәселе бойынша хабарлама беретін боламыз», — деді фармация комитетінің төрайымы. Еске сала кетсек, өткен айда Қазақстан азаматтарына арналған инсулинді Өзбекстанға сату фактісі бойынша прокуратура тексеру жүргізе бастаған болатын. «Бұл мәселеде тиісті ақпаратты алу үшін тиісті сауалды жолдадық. Аталған факті бойынша талдау жүргізілуде. Сондықтан да бұл ақпарат расталса, онда тиісті шаралар қабылданады», — деді Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин.

08 ақпан, 16:29
Мұрнына өлең иісі бармайтындар да баға береді...
08 ақпан, 16:19
Кезекті дүние, кезбелі дәулет
08 ақпан, 15:53
Лашықтағы өмір
08 ақпан, 15:47
Небәрі 12 ер мұғалім...
04 ақпан, 22:23
Үзіліп түсті бес тал гүл, сабағынан...
01 ақпан, 16:21
Бренд болуы тиіс!
01 ақпан, 16:14
Жансыздар немесе отаршылдардың жымысқы тәсілі жөнінде
01 ақпан, 16:04
Жұмабай Шаштайұлы: Адам жанын ақша арбады