jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді (видео)

11 ақпан, 13:15
396

Кездесу Мексиканың Тихуана қаласында өткен бокс кеші аясында ұйымдастырылды.

Қазақстандық Еділ Қожамбердиев кәсіпқой рингте мексикалық Хуан Карлосты мерзімінен бұрын жеңді. Кездесу Мексиканың Тихуана қаласында өткен бокс кеші аясында ұйымдастырылды. Жекпе-жек 4 раундқа есептелген, алайда Қожамбердиев бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша, 32 жастағы Қожамбердиев кәсіпқой бокста 8-ші кездесуін өткізіп, алтауын мерзімінен бұрын жеңіп, екеуінде жеңілген. Ал оның қарсыласы спорттық мансабында 27-ші рет жеңіліп отыр екен. Ол бұрындары үш рет нокаутпен жеңген және үш рет қарсыласымен тең түскен. Қожамбердиев кәсіпқой бокста 2017 жылы шілдеде АҚШ-та өнер көрсетіп бастады. Кейінірек ол Отанында үш рет және Ресейде екі рет жұдырықтасты. Әзірге ол алты раундтық кездесулерге шыққан жоқ. Ол жартылайауыр салмақтан бастаған, алайда кейінірек бірінші ауыр дивизионға өтті. Оның келесі жекпе-жегі 27 ақпанда өтеді. Қарсыласының есімі әзірге белгісіз.

Дереккөз: vesti.kz

08 ақпан, 16:29
Мұрнына өлең иісі бармайтындар да баға береді...
08 ақпан, 16:19
Кезекті дүние, кезбелі дәулет
08 ақпан, 15:53
Лашықтағы өмір
08 ақпан, 15:47
Небәрі 12 ер мұғалім...
04 ақпан, 22:23
Үзіліп түсті бес тал гүл, сабағынан...
01 ақпан, 16:21
Бренд болуы тиіс!
01 ақпан, 16:14
Жансыздар немесе отаршылдардың жымысқы тәсілі жөнінде
01 ақпан, 16:04
Жұмабай Шаштайұлы: Адам жанын ақша арбады