jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

11 ақпан, 14:19
15

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жол апаты 10 ақпанда Талғар ауданында Панфилов ауылының маңында болған. Mercedes, Kia, Toyota және ГАЗ көліктері апатқа ұшыраған. Бұл ақпаратты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері растады. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі (Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Апаттың видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Оның кадрларынан бірнеше көліктің соқтығысып, жолда кептеліс пайда болғаны көрінеді. Видео авторы көліктердің бірінің мыжылып қалғанын айтады.

08 ақпан, 16:29
Мұрнына өлең иісі бармайтындар да баға береді...
08 ақпан, 16:19
Кезекті дүние, кезбелі дәулет
08 ақпан, 15:53
Лашықтағы өмір
08 ақпан, 15:47
Небәрі 12 ер мұғалім...
04 ақпан, 22:23
Үзіліп түсті бес тал гүл, сабағынан...
01 ақпан, 16:21
Бренд болуы тиіс!
01 ақпан, 16:14
Жансыздар немесе отаршылдардың жымысқы тәсілі жөнінде
01 ақпан, 16:04
Жұмабай Шаштайұлы: Адам жанын ақша арбады