jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ақмола облысында әкім сотталды

11 ақпан, 22:28
33

Адам өлтірді деп күдікке іліккен Курск ауылдық округінің бұрынғы әкімі Владимир Рогозный мен 28 жастағы Азамат Әбілқадыровқа бүгін сот үкім кесті. Олар 8 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Өткен жылдың наурыз айында 47 жастағы кәсіпкер Баржақсы Жәмішев сол кездегі ауыл әкімі Владимир Рогозныйдың жеке көлігінен түнгі екілер шамасында ес түзсіз күйде табылған. Сөйтіп, 5 күн комада жатып қайтыс болған-ды. Осы оқиғадан кейін Рогозный бірден әкімдік қызметінен кетті. Үйқамақта 6 ай отырған ол Жәмішевті көліктен секіріп кетті деп кінәсін мойындамай келген еді. Марқұмның туысқандары қалталы кәсіпкердің әкім болған ұлы жазадан құтылып кетуі мүмкін деген күдікпен тіпті, эксгумация жасатып, тәуелсіз сарапшылар көмегіне жүгінген болатын. Кейіннен Курск тұрғыны Азамат Әбілқадыровтың да осы іске қатысы бар болып шықты. Сот бұрынғы әкімді де, 28 жастағы Азамат Әбілқадыровты да 8 жарым жылға бас бостандығынан айырды. Олардың қолына сот залында кісен салынды. Екеуі де жазасын қауіпсіздігі орташа еңбекпен түзеу мекемесінде өтейтін болады. Жәмішевтің отбасына екеуі 5 миллион теңге моралдық шығын да өтеуге міндеттелді.

Татьяна Жәмішева, марқұмның жесірі:

— Қолымен істегенін мойнымен көтерсін. Ешкім оларға біреудің өмірін қи деген жоқ.Осы қылмысқа бармас бұрын ойлану керек еді. Сот үкіміне ризамын.

08 ақпан, 16:29
Мұрнына өлең иісі бармайтындар да баға береді...
08 ақпан, 16:19
Кезекті дүние, кезбелі дәулет
08 ақпан, 15:53
Лашықтағы өмір
08 ақпан, 15:47
Небәрі 12 ер мұғалім...
04 ақпан, 22:23
Үзіліп түсті бес тал гүл, сабағынан...
01 ақпан, 16:21
Бренд болуы тиіс!
01 ақпан, 16:14
Жансыздар немесе отаршылдардың жымысқы тәсілі жөнінде
01 ақпан, 16:04
Жұмабай Шаштайұлы: Адам жанын ақша арбады