jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Жапон елшісі: Қазақ тілін үйреніп жүрмін

06 ақпан, 14:43
38

Жапония Елшісі Тацухико Касаи қазақ тілін үйренуге ден қойды. Бұл туралы Елші Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырғаннан кейін айтты.

«Мен Қазақстандағы дипломатиялық миссиямның басталуы зор құрмет әрі қуаныш. Жапония мен Қазақстанның тарихи үлкен қарым-қатынасы бар. Осы уақыт аралығында елдеріміз барлық саладағы жан-жақты қарым-қатынасты дамытты. Елші ретіндегі менің миссиям — осы қарым-қатынасты одан ары дамыту және оған бар күшімді саламын», — деді Елші БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. Сонымен қатар Тацухико Касаи қазақ тілін үйренуге ден қойып жүргендігін де атап өтті. «Қазақстанды, қазақ халқын, өркениеті мен салт-дәстүрін жете түсіну үшін қазақ тілін үйренгім келеді. Қазіргі уақытта тіл үйренумен айналысып та жүрмін», — деді ол. Айта кетейік, сенім грамотасын қабылдау рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапониямен жан-жақты диалогты дамыту Қазақстан сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі екендігін атап өткен болатын. «Біз жапондық компаниялардың Қазақстан нарығына атсалысуына мүдделіміз, барынша жағдай жасауға дайынбыз. Оған екі елдің арасында тікелей әуе рейстерін ашу зор септігін тигізеді», — деген еді Мемлекет басшысы.

08 ақпан, 16:29
Мұрнына өлең иісі бармайтындар да баға береді...
08 ақпан, 16:19
Кезекті дүние, кезбелі дәулет
08 ақпан, 15:53
Лашықтағы өмір
08 ақпан, 15:47
Небәрі 12 ер мұғалім...
04 ақпан, 22:23
Үзіліп түсті бес тал гүл, сабағынан...
01 ақпан, 16:21
Бренд болуы тиіс!
01 ақпан, 16:14
Жансыздар немесе отаршылдардың жымысқы тәсілі жөнінде
01 ақпан, 16:04
Жұмабай Шаштайұлы: Адам жанын ақша арбады