jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Жоғалтып алған балаларын полиция іздеп тапты (видео)

14 қантар, 15:38
34

Атырауда полиция қызметкерлері анасы далада қалдырып кетіп жоғалтып алған екі кішкене баланы іздеп тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«13 қаңтарда кешкі сағат 20.03 шамасында Атырау мұнай өңдеу зауытының күзетшісі 102 операторына қоңырау шалып, зауыт аумағында кәмелетке толмаған 2 баланың жоғалып кеткендігі туралы хабарлаған. Полиция департаментінің жеке құрамы дереу балаларды іздеуге жұмылдырылды», — делінген хабарламада. Кейін белгілі болғандай сағат 19.00-дер шамасында 3 баласын ерткен анасы зауыт тұсында таксиден түсіп, Тасқала ауылындағы үйіне жету үшін даламен тіке кеткен. Алайда, кішкене балалар жүре алмаған соң 8 жасар ұлын ертіп, 9-дағы қызы мен 4-тегі ұлын батпақты жерге тастап кеткен. Қайтып оралғанда ол қалдырып кеткен балаларын таппай полиция көмегіне жүгінген. «Сағат 23.20-да полицейлер балалардың шаршап, жыңғыл түбінде ұйықтап жатқан күйінде тапты. Олар дереу №1 қалалық полиция бөліміне жеткізіліп, алғашқы көмек көрсетілді. Қатты тоңып, қорқып қалған балаларға жедел жәрдем шақыртылып, ауруханаға жеткізілді», — делінген хабарламада. Полицияның анықтауынша, 38-дегі келіншек бұған дейін аналық міндетін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, былтыр қараша айынан бастап жайсыз отбасылар тізіміне алынған. Айта кету керек, наркологиялық сараптама қорытындысына сәйкес азаматшаның жеңіл дәрежедегі мастығы анықталды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта әйелдің әрекеті Кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі комиссияның отырысында қарастырылады.

13 қаңтарда сағат 20.03 шамасында АМӨЗ күзетшісі 102 операторына соғып, зауыт аумағында кәмелет толмаған 2 баланың жоғалып кеткендігі туралы ақпарат берген.Дереу полиция департаментінің жеке құрамы балаларды іздеуге жұмылдырылды. Оқиғаны анықтау кезінде сағат 19.00 шамасында 3 баласын ерткен анасы АМӨЗ тұсынан таксиден түсіп, Тасқала ауылындағы үйіне жету үшін далалық жермен тіке шығуға тырысқан.Алайда, балалардың жүруі қиындағасын 2011 жылы туылған ұлын қасына ертіп, ал 2010 және 2015 жылғы қыз және ұл баласын батпақты жерге тастап кеткен. Қайтып оралған ретте балаларын таппай полиция көмегіне жүгінді.Сағат 23.20 шамасында полицейлер балаларды шаршап, жыңғыл түбінде ұйықтап жатқан күйінде тапты. Дереу №1 қалалық полиция бөліміне жеткізіліп, алғашқы көмек көрсетілді. Қатты тоңып, қорқып қалған балаларға жедел жәрдем шақыртылып, ауруханаға жеткізілді.Полиция анықтағанындай, 1981 жылы туылған әйел азаматша бұған дейін ата-ана міндетін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тыртылып, былтыр қараша айынан бастап жайсыз отбасылар тізіміне алынған.Айта кету керек, наркологиялық сараптама қорытындысына сәйкес азаматшаның жеңіл дәрежедегі мастығы анықталды.Қазіргі уақытта азаматша бұл әрекеті кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында қарастырылады.13 января в 20.03 от охранников АНПЗ поступил звонок в службу "102" о том, что к ним за помощью обратилась неизвестная женщина, которая сообщила о пропаже в окрестностях завода ее двух детей — восьмилетней девочки и трехлетнего мальчика.Выяснилось, что женщина приехала к заводу на такси около 19.00, вышла с детьми из машины и по бездорожью решила пройти до поселка Таскала. В пути двое детей не смогли выбраться из грязи, после чего женщина решила оставить их лишь увела с собой мальчика 2011 г.р. Когда женщина вернулась за детьми, на месте их не оказалось. Она решила обратиться к охранникам АНПЗ, которые и вызвали полицию.На поиски пропавших детей был брошен весь личный состав полиции, и к 23.00 полицейские обнаружили девочку и мальчика под кустами. Младший ребенок спал, на нем не было сапог.Детей сразу же забрали в ГОП-1, напоили горячим чаем, покормили, вызвали скорую помощь. Детей забрали в больницу, осмотрели, сегодня их уже отпустили, так не было опасений за их здоровье. Наркологическое обследование матери показало, что она в тот вечер находилась в легкой степени опьянения. Действия матери будут вынесены на рассмотрение комиссией по делам несовершеннолетних.Отметим, что в ноябре прошлого года 38-летняя местная жительница была привлечена к административной ответственности по статье 127 КоАП за невыполнение родительских обязанностей, ее семья была поставлена на учет как неблагополучная.

Опубликовано Департамент Полиции Атырау Воскресенье, 13 января 2019 г.

15 наурыз, 16:50
Соңында аяқсыз қалады
15 наурыз, 16:40
Мақтанайық Димашпен!
15 наурыз, 14:56
Дос Көшім: Бір жылда шотланд тілін үйреніп алды
15 наурыз, 14:38
Ақтық сапардың сауалы
15 наурыз, 14:31
Өзегін өкініш өртейді
15 наурыз, 14:25
Шәмшінің досы көшеде жүр
11 наурыз, 13:07
Самал Еслямова: Әйел бейнесі махаббаттан тұрады
01 наурыз, 12:36
Ермегім - елде жоқты жинау