jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ресейдің Шахты қаласында көпқабатты үйде жарылыс болды (видео)

14 қантар, 12:47
25

Ростов облысының Шахты қаласында тұрмыстық газдың жарылуынан көпқабатты үй құлады үйіндінің астында жеті адамдай қалуы мүмкін деген ақпарат бар.

Tengrinews.kz  жазғандай, Шахты қаласында тұрмыстық газдың жарылысы тоғыз қабатты тұрғын үйде болды. Осының салдарынан сегіз және тоғызыншы қабаттағы үй аралығы опырылған. Алдын ала деректер бойынша 5 адам зардап шеккен. «Үйіндінің астында жеті адам қалды», — деп хабарлады төтенше жағдай жөніндегі ведомствоның өкілі. Ол құтқару жұмыстары кезінде алты адам құтқарылғанын айтты. Алдын ала ақпарат бойынша, төтенше жағдайлар қызметінің өкілі осы жағдай Хабаров көшесіндегі №16 үйдің тоғызыншы қабатында орналасқан №30 пәтерде болғанын айтты. Еске салайық, осыған дейін 31 желтоқсанда Магнитогорск қаласында он қабатты үйде де газ жарылып, салдарынан бір кіреберіс опырылғаны хабарланған. Апат болған аймақта 120 адам тұрып жатқан. ТЖМ соңғы мәліметінше, оқиға салдарынан 36 адам қаза тапқан.

 

 

14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!
07 маусым, 12:46
Бұл не деген батпан құйрық?..
07 маусым, 12:39
Жусандай жұғымды болса екен!
31 мамыр, 16:14
Киік - қырғын қайталанбасын дейік...
31 мамыр, 16:08
Ажырасудың себебі - ақша
31 мамыр, 15:48
Алып елдің бір бөлшегі
31 мамыр, 15:36
Жүз алпыс сегіздің жұмбағы