jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Студентті ұрған мұғалім жұмыстан кетті

11 қантар, 21:28
145

Елді дүрліктірген оқиға Жаркенттегі көпсалалы колледжде болған. Шәкірттерін ұрған оқытушы білім ордасында дене шынықтыру пәнінен сабақ беріпті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ұстаздың екі студентті төмпештеп, тәртіпке салып жатқаны анық байқалады. Айтқанды тыңдамадың деп ашуға мінген педагог шәкірттерін сабалап жүр. Кейбір дерек бойынша, оқытушыдан таяқ жегендер үшінші курстың студенттері екен. Бірақ шулы оқиғаға нақты не жағдай себеп болғаны әзірге белгісіз.

Ғалымұрат Жүкел, Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

-Дереу осы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы облыстық комиссия құрылды. Комиссияның мүшелері қазір Жаркентте жұмыс істеуде. Сонымен қатар бұл мәселе бойынша Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық кодекстің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті.

18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!
07 маусым, 12:46
Бұл не деген батпан құйрық?..
07 маусым, 12:39
Жусандай жұғымды болса екен!
31 мамыр, 16:14
Киік - қырғын қайталанбасын дейік...
31 мамыр, 16:08
Ажырасудың себебі - ақша
31 мамыр, 15:48
Алып елдің бір бөлшегі