jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Күйінген мұғалім студенттерді ұрып-соқты (видео)

11 қантар, 14:03
1454

Алматы облысында колледжде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі студенттерді ұрып-соқты. Әлеуметтік желіде оқиға болған сәтте түсірілген видео таралып жатыр. «19-шы СПТУ ұстаздары оқушылармен осылай сөйлеседі. Бұл бүгін бізде Жаркентте болды», — делінген видеоролик сипаттамасында.

Алматы облыстық білім басқармасының өкілдері колледждегі ұрып-соғу дерегі барын растап, осыған қатысты арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді. «Осы жағдайға байланысты Жаркент көпсалалық колледжінде биыл 10 қаңтарда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жұмыстан босатылды. Облыстық білім беру басқармасының комиссиясы колледжге жіберілді. Тексеру нәтижесінде колледж басшылығы мен ұстазға қатысты шара қолданылады», — деді басқарма өкілдері.

Сонымен қатар, комиссияның жұмысы Алматы облысы әкімдігінің бақылауына алынды. Алматы облыстық полиция департаментінің қызметкерлері осы роликті тексеріп жатқанын мәлімдеді.

Tengrinews.kz

14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!
07 маусым, 12:46
Бұл не деген батпан құйрық?..
07 маусым, 12:39
Жусандай жұғымды болса екен!
31 мамыр, 16:14
Киік - қырғын қайталанбасын дейік...
31 мамыр, 16:08
Ажырасудың себебі - ақша
31 мамыр, 15:48
Алып елдің бір бөлшегі
31 мамыр, 15:36
Жүз алпыс сегіздің жұмбағы