jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Автокөліктің VIP-нөмірлерін сатудан бюджетке 4 млрд теңге түсті

11 қантар, 18:37
32

Қазақстандықтар 15 мыңға жуық жоғары сұраныстағы мемлекеттік тіркеу нөмірлерін сатып алған. Осылайша, ел бюджеті 4 млрд теңгеге толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның автобизнес қауымдастығына сілтеме жасап.

«Екінші тоқсаннан бастап нарықта белсенділік артты және мемлекеттік нөмірлерге жаңадан қосылған G, I, J, Q әріптерімен ақылы комбинацияларға сұраныс көбейді. Жыл бойы 15 мыңға жуық жоғары сұраныстағы мемлекеттік тіркеу нөмірлері сатылды. Олардың жалпы құны — 4 млрд теңге», — делінген хабарламада. Қауымдастық келтірген деректерге сәйкес, 2018 жылы әкімшілік полиция органдары 1 194 254 көлік құралын (келісімшарттар, қайта рәсімдеу, автокөлік иесін ауыстыру) есепке қойған. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 14,8% көбірек. Әсіресе, қайталама тіркеу саны жалпы тіркеудің 92,9% құраған. «Ел автопаркі ескіріп келеді — 2018 жылыдң басынан бастап, жалпы тіркеудің 2/3 бөлігін 10 жылдан асып кеткен көліктер (790 171 дана) құраған. Пайдаланғанына 20 жылдан асып кеткен көліктер саны — 464 236 авто. 3-10 жыл аралығында 290 205 автокөлік болса, үш жылға дейінгі жаңа көліктер саны — 112 833», — делінген хабарламада.

18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!
07 маусым, 12:46
Бұл не деген батпан құйрық?..
07 маусым, 12:39
Жусандай жұғымды болса екен!
31 мамыр, 16:14
Киік - қырғын қайталанбасын дейік...
31 мамыр, 16:08
Ажырасудың себебі - ақша
31 мамыр, 15:48
Алып елдің бір бөлшегі